«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Студенттерді жатақханалармен қамту мемлекеттік тапсырысы қағидаларына өзгерістер енгізілді

2019 жылғы 16 Қаңтар
2054 просмотров

«Қаржы орталығы» АҚ – студенттік жатақханаларды салу жөніндегі жобаның операторы «Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлайды.   

Ғимаратты студенттік жатақхана етіп реконструкциялау шеңберінде, Қағидалардың жаңа редакциясы техникалық тексерістің нәтижесі бойынша ғимараттың жай-күйі туралы қорытынды болған жағдайда, пайдаланылып жүрген немесе елу жыл бұрын пайдалануға енгізілген ғимараттың жобаға қатысу мүмкіндігін көздейді.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі, жобаның Операторы, әлеуетті өнім беруші арасында жасалатын алдын ала шарттың нысанын бекіту толықтыру болып табылады.

Қағидаларға енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен www.studdom.fincenter.kz жобаның промо сайтынан («ақпараттық файлдар» - «нормативтік база» блогы) танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер