«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әлеуметтік нысандар туралы ақпарат беретін портал іске қосылды

2018 жылғы 25 Желтоқсан
- Жетісу облысы
3387 просмотров

Порталда әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылған объектілер туралы мәліметтер жарияланған

 Күні кеше Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Талдықорған қаласы Мониторингтік тобының «Кедергісіз орта – барлығына ортақ құқық» атты ақпараттық жүйенің электронды нұсқасын тестілеу мен сынау мәселелеріне арналған жиын өтті.

 Жиынға түрлі категориялардағы мүгедектердің (тірек-қимыл аппаратында ақауы бар, көру және есту қабілеті нашар адамдар) қоғамдық бірлестіктерін қамтыған мониторингтік топтың мүшелері, сонымен қатар халықтың басқа да аз мобильді топтары мен еріктілер қатысты.

 «Адами капиталды дамыту» қоғамдық бірлестігі qoljetimdi.kz арнайы сайтын құрды, онда тұрғындарға көрсетілетін тұрмыстық,  көлік, ақпарат және байланыс саласында әлеуметтік нысандағы қызметтер, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын қызмет түрлері туралы ақпарат жарияланған.

 Қазіргі таңда порталда 219 объекті туралы ақпарат бар, оның ішінде 86 ғимарат қажетті инфрақұрылыммен қамтылған, 182 нысан – ішінара жабдықталған, 96 нысанның мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инфрақұрылымы жоқ.

 «Ғимараттар элементтердің қолжетімділігі, қызмет көрсету аймағы, кіреберіс, пандус, ақпарат және байланыс, санитариялық-гигиеналық орынжай, Брайльдің рельевті-нүктелі шрифтімен жазылған маңдайша жазу, тактильді бағыттауыштар және басқа да көрсеткіштер бойынша бағаланады», – деді қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Гүлбарам Адамбаева.

Мониторингтік топтың мүшелері, Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ардақ Қашқарова бұл жобаны жүзеге асыру үшін бизнес өкілдеріне ақпарат беріледі деп мәлімдеді.

 «Мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген әлеуметтік инфрақұрылымы бар объектілерінің көбеюі бизнес-қоғамдастықтың әлеуметтік жауапкершілігі деңгейін арттырады», – деді Палата сарапшысы.

 Жуырда порталдың мобильдік нұсқасы іске қосылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер