«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының бизнес өкілдері «Кәсіпкердің жеке кабинетін» белсенді пайдалануда

2018 жылғы 16 Қараша
- Жетісу облысы
2369 просмотров
Өңірлік коммуникациялар орталығында журналистер қауымы үшін «Атамекен» ҰКП жаңа сервисі - «Кәсіпкердің жеке кабинеті» таныстырылды.
Баспасөз мәслихатында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Ерлан Датқаев жоба бизнеске арналған ең қажетті және пайдалы қызмет түрлері тегін түрде ұсынылғанын атап өтті. cabinet.atameken.kz сайтына тіркелген соң, кез келген кәсіпкерге тиісті ақпарат пен қызмет түріне тұрақты түрде қолдану мүмкін болады.
Спикер «Бизнесті құтқару қызметі» қызметі туралы айтып өтті.
«Жоба пилотты режимде Астана және Алматы қалаларында іске қосылып, шағын бизнесті қолдауға арналған. Қызмет аясында кәсіпкер жедел түрде кеңес алу үшін ғана емес, мәселені реттеу үшін белгіленген нысанға мобильді топты шақыра алады», - деді Ерлан Датқаев.
Жеке кабинет арқылы кәсіпкерлер «Құжаттар конструкторынан» құжаттар үлгісімен танысып, жұмыс барысында қолданады. Бүгінгі таңда кез келген жағдай үшін заң тілінде сауатты жазылған 100 құжат үлгісі әзірленіп, тегін жүктеуіне мүмкіндік туып отыр. 
«Адалдықты тексеру» сервисі арқылы кәсіпкерлер өзінің серіктесін 40 түрлі көрсеткіш бойынша тексере алады. Соның ішінде салық қарызы, әкімшілік және қылмыстық айыппұлдары, жоқсықсыз жеткізушілер тізілімі, мемлекеттік сатып алу бойынша лицензиясының және т.б. құжаттарының бар-жоқтығы сияқты бағыттар. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП банкроттық немесе кәсіпкерлік субъектісін жабу (тарату) үрдістерінен өтіп жатқан кәсіпкерлер туралы да ақпаратты орналастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
«Төртінші сервис «Кәсіпкерлік бастамалар» деп аталады. Бұл қызмет арқылы кәсіпкерлер бизнес ахуалды жақсарту бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, оны кең талқылауға және дауыс беруге шығара алады. «Атамекен» өз тарапынан бұл бастамаларды өкілетті органдардың назарына ұсынады», - деді Ерлан Датқаев. 
«Кәсіпкердің жеке кабинетіндегі» маңызды қызметтердің бірі - «Digital КҚКО» (КҚКО - Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы) қосымшасы. Сервис бойынша кәсіпкерге 61 қызмет тегін көрсетіледі. Мәселен, бухгалтерлік және есеп, ақпараттық технологиялар, құқықтық, кедендік рәсімдеу, қолдау шаралары бойынша ақпарат, кәсіпкерлердің өтініштерін сүйемелдеу, маркетинг, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, мемлекеттік сатып алу және т.б. Сонымен бірге, кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, бизнес-жоспар мен сайт әзірлеуге өтініш беруге мүмкіндік бар. Басты ерекшелік - қызметтердің барлығын онлайн режимде алуға болады. 
«Тамыз айынан бері Алматы облысының 700-ден астам кәсіпкері «Digital КҚКО» сервисі арқылы онлайн режимде қызмет түрлерін пайдаланды», - деп атап өтті спикер.
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Ерлан Датқаевтың сөзінше, «Кәсіпкердің жеке кабинетіндегі» сервистер желісі алдағы уақытта «Сатып алудың бірыңғай терезесі» мен «Несие агрегаторы», «онлайн-касса» сияқты қызмет түрлері енгізілетін болады. 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер