«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасында Дүниежүзілік стандарттау күні атап өтілді

2018 жылғы 15 Қазан
- Ақтөбе облысы
1487 просмотров

Жыл сайын қазан айының 14-і күні Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өту дәстүрі бар.

Бүгін Өңірлік кәсіпкепкерлер палатасы алаңында аймақтың стандарттау саласының мамандарын құттықтауға арналған жиын өтті. Салтанатты шараға облыстағы стандарттау мамандары, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты.

«Стандарттау бұл – экономикалық саясатты қолдаудың басты құралы. Ол сауда саласындағы кедергілерді, адам өміріне төндіретін қауіптерді болдырмауға септігін тигізеді. Стандарттау қай заманда да тепе-теңдікті сақтау үшін қажет болып келді. Бүгінгі таңда да сіздердің жұмыстарыңыз өте маңызды. Сіздерді бүгінгі жеке мерекелеріңізбен құттықтаймын»,-деді жиынды ашқан Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов. Сонымен қатар ол стандарттау саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтытының» Ақтөбе филиалы директоры Манас Сарбөпинді Палата атынан арнайы алғыс хатпен марапаттады.

«Бұл мереке өз бастауын сонау 1946 жылдан алады. Яғни сол жылдан бері стандарттау ұйымдары жұмыс жасап келеді. Биылғы жылғы ұстанымымыз «Халықаралық стандарттау және төртінші өнеркәсіптік революция» деп аталады. «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Ақтөбе филиалы бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарып келеді. Биылғы жылдың тағы бір жағымды жаңалығы жақында ғана ел президенті Н.Назарбаев қол қойған «Стандарттау туралы» Заңының жарыққа шығуы болып отыр» – деді Манас Сарбөпин.

Институт басшылығы өз атыныан саланың дамуына атсалысып жүрген өңірлік бизнес өкілдерін атап өтіп, алғыс хаттармен марапаттады. Олар «Қазхром» ТҰҚ» АҚ филиалы мен Ақтөбе Рельс-арқалық зауыты болды. Жиында мамандар стандарттау саласындағы соңғы жаңалықтар мен әлі сиясы кеппеген жаңа заңның ерекшеліктері туралы талқылады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер