«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Римма Салықова: «Ауыл-аймақтағы кеңстерге міндет артамыз»

2018 жылғы 07 Қыркүйек
- Жетісу облысы
4434 просмотров

Алматы облысы Өңірлік кеңесінің төрайымы аудандық кеңестер мен облыстық кеңестер бірігіп, тиімді диаолог алаңына айналуы керек деп санайды. 

Талдықорған қаласында Римма Салықова төралығымен Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

 Өңірлік кеңес өкілдері Кербұлақ ауданы бойынша кеңес құрамы мен басшысын сайлады. Аудан кеңесінің бастығы болып «Мәди» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Бекиев сайланды. Кәсіпкер бизнес саласында тәжірибесі мол, ол ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласады.

 Өңірлік кеңестің төрайымы Римма Салықова  кеңестің жаңартылған құрамы бизнестің мәселелерін жылдам шешуге және бизнес пен мемлекет арасындағы интерактивті платформаға айналуы тиіс.

  «Біз ауыл-аймақтағы Кәсіпкерлік кеңестеріне үлкен міндет артамыз. Аудандың кеңес пен қалалық кеңес – Палатаның бақылау органы ғана емес, сондай-ақ, кәсіпкерлерді біріктіретін, мәселелерді анықтайтын, кеңес беру-ақылдасу органдар жұмысына белсенді қатысуда өңірлік бизнестің үні болып отыр. Сондықтан аудандардағы кеңестердің басшылары болып отырған Өңірлік кеңес мүшелері  қарқынды төмендетпей, бизнес-қоғамдастыққа жан-жақты қолдау көрсетулері тиіс», – деді Римма Салықова.

 Жиынға қатысушылар Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықовтың «Бастау» жобасы бойынша есебін тыңдады, сонымен қатар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, филиалдар директорларының аттестациясы бойынша жұмыстардың нәтижелері айтылды.

 Мәліметтерге сәйкес, облыс бойынша 1681 адам бизнес негіздерін оқыды, оның ішінде 257 қатысушы қаржыландыру алды. Қазіргі таңда жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды оқытудың төртінші легі жүріп жатыр.

 Айта кетелік, Өңірлік кеңес тарапынан жобаны жүзеге асыру мәселесіне баса назар аударылады. Жоба басталғаннан бастап Өңірлік кеңес мүшелері «Бастау» түлектерімен кездесулер ұйымдастырып, тәжірибелік жаттығулар, шеберлік сабақтарды өткізіп келеді.

 «Осы аптада біз Өңірлік кеңестің аудандық және қалалық филиалдарында аттестаттауды сәтті өткіздік. Директорлар мемлекеттік бағдарламалар, нормативті-құқықтық актілерді білу бойынша тестілеуден өтіп, кейстерді  талдау және сұхбаттар жүргізілді. Аттестаттау комиссиясы шешімімен Кәсіпкерлер палатасы филиалдарының барлық директорлары атқарып отырған қызметтеріне сәйкес келетіні анықталды», – деді Нариман Әбілшайықов.  

Кездесу барысында Өңірлік кеңес құрамына кандидаттар да қарастырылып, келісілді. Өңірлік кеңес құрамына «Дархан и К» ЖШС бастығы Дарбек Қарабасов, «Мәди» шаруа қожалығының жетекшісі Қайрат Бекиев және Талдықорған қаласы бойынша «Қазақстан Халық банкі» АҚ өңірлік филиалының директоры Гүлмира Ахметова.

 Кездесу барасында жұмыс жоспарын іске асыру, аудандар мен қалалардағы Өңірлік кеңес пен Кәсіпкерлер кеңесін сайлау мәселелері талқыланды.

 Алматы облысының Өңірлік кеңесі көшпелі кездесулерді өткізуді жалғастыра береді, онда ШОБ қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен Өңірлік Палата мен филиалдарының жұмысының нәтижелерін тыңдалады. Қыркүйекте осындай кездесулер Ескелді, Сарқан, Алакөл, Жамбыл және Қарасай аудандарында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер