«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес-Кеңесші» түлегінің шығаратын отандық аяқ киіміне сұраныс жоғары

2018 жылғы 31 Мамыр
- Жетісу облысы
4550 просмотров

Еліміздің барлық өңірінен былғары аяқ киім тігуге тапсырыс түсуде

Алматы облысының Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы Асқат Талғарбаев ерекше қажеттілігі бар азамат. 2 топ мүгедегі туғанынан есту және сөйлеу қабілеттерінен айырылған. Алайда Асқат «бұл тек бір ғана мүмкіндіктің шектелгені» деп есептейді. Өз кезегінде ол шығармашылық дарынды, ерекше күш-қуатқа ие жан. Сондықтан да алдына қойған мақсат-міндеттерін орындап келеді.

Кәсіпкерлер палатасының Кербұлақ аудандық филиалының басшысы Болат Тастанбековтың айтуынша, Асқат филиалға келіп, кәсіпкерлік саласындағы соңғы жаңалықтар мен өзгерістер туралы жиі біліп тұрады.

«Қолынан бал тамған шебер болған соң, Асқатқа аяқ киім тігу мен жөндеу цехын ашуды ұсындық. Бұл істе тәжірибесі бар. Өндірісті ұйымдастыру үрдісімен таныстырып, бизнес-жоспарды әзірлеп бердік. Кейін сурдоаудармасы бар «Бизнес Кеңесші» жобасына жазылды. Оқудан өтіп, жаңа білімге алған соң мемлекеттік грант алуға өтінім берілді», - деді Болат Тастанбеков.

Асқат Талғарбаев жобасын сәтті қорғап, комиссияның шешімімен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында ақысыз грантқа ие болды. 1,5 млн сомадағы қаражат тиісті құрал-жабдықтар, материалдар мен шикізат алуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, жас бизнес өкіліне Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы тіркеу, құжаттарды дайындау бойынша сүйемелдеп, қолдау көрсетті.

Аяқ киім тігу мен жөндеу цехы өткен жылдың соңында салтанатты түрде ашылды. Шараға аудан басшылығы, тұрғындар, кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда цехта Асқат сияқты мүмкіндігі шектеулі үш адам жұмыс істейді. Айына 40 пар аяқ киім тігіледі. Бұйымға қажетті былғары Шығыс Қазақстаннан әкелінсе, ал ұсақ-түйек заттар ресейлік өндірушілердікі. Айта кету керек, аз уақыт ішінде ASKHAT брендімен шығарылған отандық өнімдер көпшіліктің ықыласына бөленіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен тапсырыстар келіп түсуде.

«Жақында біз жүнді теріден тігілген жылы етікке Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан 2000 данаға тапсырыс алдық. Ендігі мақсат осы сынды бұйымдардың үлкен көлемін орындау үшін цехты кеңейту. Сонымен бірге, балаларға арналған аяқ киімдерді шығаруды да жоспарлап отырмыз», - дейді кәсіпкер Асқат Талғарбаев.

Еске салып өтейік, 2017 жылы Алматы облысында кәсіпкерлік негіздері бойынша «Бизнес-Кеңесші» екі күндік оқу курсына 1300-ден азамат қатысып, олардың 200-ге жуығы жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. 120 қатысушы жалпы сомасы 340,4 млн теңге көлеміндегі қаржыландыруға қол жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер