«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

World Skills Taldykorgan чемпионаты басталды

2018 жылғы 25 Сәуір
- Жетісу облысы
3771 просмотров

Байқауға 80-нен астам студент қатысуда

Алматы облысында World Skills Taldykorgan чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Байқау кәсіби-техникалық мамандықтардың танымалдығын арттыруға бағытталған.

Биыл жарысқа аймақ колледждерінен 82 студент бес мамандық бойынша қатысып жатыр. Олар - «Дәнекерлеу технологиялары», «Аспаз ісі», «Дизайн және киімді модельдеу», «Жеңіл автокөліктерді жөндеу жәнк қызмет көрсету» ,«Электромонтаждық жұмыстар».

Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысушылардың дайындығын жоғары бағалап, сәттілік тіледі.

KHAMA PARK мейрамхана кешенінің директоры, танымал қазақстандық аспазшы Серікхан Әділханов аталмыш байқауларда ең кәсіби мамандарды анықталып, олардың білімі мен біліктілігіне шынайы баға берілетінін атап өтті.

Айта кетейік, чемпионат осымен үшінші жыл қатарынан өтуде. Қатысушылардың шеберлігін KHAMA PARK мейрамхана кешенінің, «Айсер» мейрамханасының, «Метакон» ЖШС, «Раушангүл» ЖШС, «Шагиева» ЖШС, «ТАТЭК» АҚ оқу орталығының, әскери-техникалық мектептің мамандары бағалайтын болады.

Байқаудың өңірлік кезеңінің жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау салтанаты (Гран-При - 25 000 теңге, 1 орын - 20 000, 2 орын - 15 000, 3 орын - 10 000) 25 сәуір күні өтеді. Байқау жеңімпаздары World Skills Kazakhstan аймақаралық кезеңіне қатысуға жолдама алады.

Еске салсақ, шараның ұйымдастырушылары Білім беру басқармасы мен Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер