«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Былтыр Алматы облысында 300-ден астам жұмыссыз жаңа мамандыққа ие болды

2018 жылғы 29 Қаңтар
- Жетісу облысы
3964 просмотров

Олардың жартысы жұмыспен қамтылды

Алматы облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы (ӨКП) қысқамерзімді кәсіптік оқытудың қорытындысын шығарды. Курстар өткен жылы 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті. Оқыту алғаш рет Кәсіпкерлер палатасының оқу орталықтары реестріне енген кәсіпорын негізіндегі оқу орталықтарында ұйымдастырылды.

ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Ардақ Қашқарованың мәліметінше, оқу орталықтарында 314 жұмыссыз азамат білім алған.

«Өткен жылы мемлекет тарапынан бизнес өкілдері үшін үлкен мүмкіндік жасалынды. Кәсіпкерлер мемлекет есебінен кәсіпорындарына қажетті кадрларды дайындай бастады. «ТАТЭК» АҚ, «Қайнар АКБ» ЖШС,  «Байсерке-Агро» ЖШС, «Кнауф Гипс Капшагай» ЖШС және т.б. кәсіпорындар негізінде 7 оқу орталығы құрылды. Онда 314 жұмыссызға кәсіптік оқуға жолдама берілді, оның 156-сы жұмыспен қамтылды», - дейді Ардақ Қашқарова.

Өңір тұрғындары электромонтер, сылақшы, қаңқа-көмкерме құрастырылымдарды монтаждаушы, аккумуляторшы, жануарларды мал дәрігерлік өңдеу, жануарларды ұрықтандыру жөніндегі маман, машиналық сауу операторы, жемдерді дайындау жөніндегі оператор және т.б. мамандықтар бойынша бір айдан және алты айға дейін білім алды. Оқу сабақтарын кәсіпорынның жетекші мамандарымен қатар, оқу ұйымдарының мамандары жүргізді.

Биыл мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыссыздарға арналған қысқамерзімді оқытуды ұйымдастыру мақсатында 13 оқу орталығын құру мен 500 азаматты оқыту жоспарланып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер