«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

2018 жылғы айлық есептік көрсеткіш мөлшері анықталды

2018 жылғы 02 Қаңтар
20783 просмотров

Республикалық бюджет заңына сәйкес биылғы мөлшер бекітілді

ҚР «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы, зейнетақы, айлық есептік көрсеткіш мөлшері белгілі болды.

2018 жылға бекітілген мөлшерлеме көрсеткіші:

  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) жәрдем ақы және әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ айыппұлдар, салық және басқа да төлемдер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес - 2 405 теңге;
  • жалақының ең төменгі мөлшері ЖТМ - 28 284 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері  - 15 274 тенге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері - 33 745 тенге;
  • базалық әлеуметтік төлем үшін ең төменгі күнкөріс минимумы - 28 284 теңге.

2017 жылдың 4 қаңтарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойған еді. Республикалық бюджет кірісі (трансфертті есептемегенде) 2018 жылы 5, 528 трлн теңге көлемінде есептелген, шығын – 9, 218 трлн теңге, дефицит – 639,6 млрд теңге (ЖІӨ-нің 1,1%).

2018 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсу көрсеткіші 3,1%,  ал 2022 жылға қарай 4,2%-ға өседі деп болжанған. ЖІӨ-ның жылдық орташа өсу қарқыны алдағы бес жылдықта 3,7% болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер