«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап кедендік процедуралардың барлығы электронды форматқа өтеді

2017 жылғы 22 Желтоқсан
4056 просмотров

Кәсіпкерлердің бағалауынша «Астана-1» ақпараттық жүйесін енгізуінде күмән тудыратын қауіп бар

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап кедендегі 17 процедураның барлығы электронды декралациялауға көшірілуі керек, «Астана-1» пилоттық жобасы Қазақстанның барлық аумағына таратылуы қажет. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кеден процедурасы бойынша кеден транзитінің алғашқы пилотын осы жылдың қазан айында іске қосты, 28 қарашадан бастап кедендік 16 процедура пилоттық пайдалануға берілді. «Астана-1» АЖ «Кеден транзиті» модулін қосуға 2,5 ай уақыт жұмсалғанын атап өткен жөн.

Жаңа бағдарламаны тестілеуге қатысқан кәсіпкерлердің бағалауынша, «Астана-1» ақпараттық жүйесін пайдалану дайындығы 20-30%. Сондықтан 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Астана-1» АЖ қолдану жұмысы мүмкін болмайды.

Мұнымен қоса, орын алған жағдайды қиындататын тағы бір жайт бар. Комитет ескі ақпараттық жүйені (ТАИС, Веб-декларант) қолдана отырып рәсімделген кеден декларациясын қабылдамайды.

Аталған мәселе бойынша «Атамекенде» 25 желтоқсанда бейне байланыс арқылы мәжіліс өтеді. Онда «Астана-1» АЖ тестілеуде туындаған түйткілді мәселелер талқыланады.

Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік әкімшіліктендіру департаментінің директоры Дина Мамашева, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин, сондай-ақ бизнес және қауымдастық өкілдері қатысады.

Анықтама үшін:

Мемлекет басшысы биыл 13 желтоқсанда «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Келісімшартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. Бұл заңда кеден процедураларын айтарлықтай қысқартып, оларды электронды түрге ауыстыру қарастырылған. Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» кодекс ҚР Парламенті Сенатының қарауында.

Екі кеден кодексінің нормаларымен қағазсыз электронды декларациялау, Тәуекелді басқару жүйесін толық қолдану, есеп пен бақылаудың автоматтандырылған түрі қарастырылған.

Осылайша жаңа кеден заңнамасымен кеден ісінің барлық бизнес-процесінде жұмыс істеу «Астана-1» ақпараттық жүйесін жүзеге асырғанда ғана мүмкін болмақ.

Өтетін күні мен орны: 25 желтоқсан, Астана қаласы, сағат: 11-00, Д.Қонаев көшесі, 8, «Зүбәржат орамы» БО, 26-қабат,  «Түркістан» залы

БАҚ өкілдері 22 желтоқсан, сағат 19-00-ге дейін тіркеле алады

 «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер