«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан мен Чехия іскерлік серіктестіктің жаңа бағытын қарастыруда

2017 жылғы 15 Желтоқсан
2917 просмотров

Екі ел арасындағы тауар айналымы 120%-дан астам көрсеткіште

12 желтоқсанда Прагада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлі Ерлан Хайыров пен Чехия Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Йиржи Колибаның қатысуымен Чехия-Қазақстан бизнес-форумы өтті.

Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен ТМД елдері бойынша сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды. Форумға екі елдің жүзден астам өкілі қатысты.

Форумда қос тарап Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, өнеркәсіп, сақтандыру және сауда мәселелері талқылады.

Ерлан Хайыров атап өткендей, Қазақстанда оңтайлы инвестициялық жағдай жасалған. Серіктестіктің басым бағыттары ретінде транзит, машина жасау, энергетика, иннвация мен ауыл шаруашылығы қарастырылған.

Мұнымен қоса, пен Чехия Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Йиржи Колиба Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 9 ай ішінде 500 млн долларға жетіп, 121%-ға көтерілген, бұл өте жақсы көрсеткіш болып саналады.

Мұнымен қоса, Қазақстан Сыртқы сауда палатасы мен ТМД елдері бойынша Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында өзара ынтымақтастық пен түсіністік туралы, Қазақстан мен Чехия арасында Іскерлік кеңес құру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл кеңес коммерциялық келісімдерді жүзеге асыру жұмысын жалғастырып, басым бағыттарды дамытудың байланысын орнатуға мүмкіндік береді.

«Қазақстан тарапы чех инвесторлары мен кәсіпкерлеріне серіктес іздеуде көмектесуге дайын. Біз халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып отырмыз және бірлесе күш салып, іскерлік байланысты жаңа сатыға көтеретінімізге сенімдімін», - деп атап өтті Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Аян Еренов.

Іс-шара қорытындысы бойынга екі ел бизнес кездесу өткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер