«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында жаңа басшы тағайындалды

2017 жылғы 11 Қазан
- Жетісу облысы
11128 просмотров

Басшылыққа ҰКП Өңірлік даму департаментінің экс-жетекшісі Нариман Әбілшайықов тағайындалды

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма шешімімен Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымына ҰКП Өңірлік даму департаменті директоры болып қызмет атқарған Әбілшайықов Нариман Бақтыбайұлы тағайындалды. Бұған дейін Өңірлік палатаны 2013 жылдың қазанынан бастап Ләззат Шыңғысбаева басқарып келді.

Палата ұжымына жаңа басшыны Өңірлік кеңес төрайымы Римма Салықова таныстырып, жұмысына табыс тіледі.

Өмірбаяны:

33 жастағы Нариман Әбілшайықов Павлодар қаласының тумасы. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Алғашқы қызметін 2002 жылы Павлодар мемлекеттік университетінде тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің маманы ретінде бастады. Кейін аталмыш оқу орнында бөлім басшысы, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаменті директоры лауазымын атқарды. Әр жылдары  «Полиграфия Плюс» ЖШС баспа орталығының директоры, Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі, Павлодар облысы туризм басқармасының жетекшісі, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.

Павлодар облыстық мәслихатының IV және V шақырылымдарының депутаты болып сайланған.

Almaty Management University, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті болып жұмыс істеген.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер