«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Маңғыстауда «Қазақстандағы Арнайы экономикалық аймақтардың таныстырылымы» атты халықаралық форум өтті

2017 жылғы 06 Қазан
- Маңғыстау облысы
5578 просмотров
Бүгін Ақтауда Еліміздегі Арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық әлеуетінің таныстырылымы өтті. Халықаралық форум «Kazakh Invest» АҚ бастамасымен өтті
Ал, оның Ақтауда ұйымдастырлуына «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы мұрындық болды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бұл бірінші рет өткізіп отырған шарасы емес.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр 42 елдің 200 инвесторын басын қосқан инвестициялық форумдыда осы «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ұйымдастырған еді. Биыл да сол үрдісінен жаңылмаған «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықты. «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы диреткорының міндетін атқарушы Олжас Мусиннің айтуынша, мұндай форумдардың мақсаты – аймаққа шетелдік инвесторларды тарту.
Яғни, Маңғыстауда да инвесторларды тартуға, инвистиция құюға жақсы жобалар бар екенін шетелдіктерге, өз Отандастарымызға көрсету болып табылады. Сондай-ақ, біздің орталықта инвесторлармен жұмыс жасайтын, инвесторлармен келіссөздер жүргізетін, кәсіпкерлердің жобаларын соларға ұсынатынын арнайы бөлім бар. Ол жерде 5 маман жұмыс жасайды.
Енді бүгінгі шара туралы қысқаша айта кетсек, Халықаралық форумға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Kazakh Invest» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев, 12 елден келген инвесторлар және Әзірбайжан, Түркия, Иран, Литва елдерінің консулдары қатысты. Форумда Ақтау, Атырау, Шымкент, Алматы, Тараз, Павлодар қалаларының арнайы экономикалық аймақтары (АЭА) таныстырылды.
- Маңғыстау облысы - өндірісімен қатар, сан саласы жедел даму үстіндегі бірден-бір аймақ. Осы форум Қазақстанның жаңа инвестициялық мүмкіндіктерін сіздермен бірлесе саралауға жол ашады деп сенемін, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Түркия, Сауд Арабиясы, Малайзия, АҚШ, Венгрия және басқа елдерден келген инвесторлар отандық компаниялармен жұмыс жасауға қызығушылық танытты.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер