«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Талдықорғанда алғаш рет FASHION DAY өтті

2017 жылғы 25 Қыркүйек
- Жетісу облысы
5015 просмотров

Атақты дизайнер Айгүл Қасымова жеке киім топтамасын ұсынды

Алматы облысының орталығында осы күздің көптен күткен және сәнді іс-шарасы FASHION DAY өтті. Шара Іскер әйелдер кеңесі, Koktem Grand қонақ үй кешені және LIFE TDK журналының ұйымдастырылды. Іскер әйелдер, әйел-басшылар және облыстың сәнқой қыз-келіншектер үшін қазақстандық танымал дизайнер Айгүл Қасымованың жеке топтамысының көрсетілімі болды. Сәнгер 10 жылдан астам уақыт бойы заманауи әйелдерге арнап біреге         й киімдер тігеді.

«Мен алғашқы рет Талдықорғандамын. Топтама әйелдер қауымының көңілінен шыққанына өте қуаныштымын. 2017-2018 жылдың күз және қыс мерзімдеріне арналған маусымдық киімдерді ұсындық. Мен осы салада 10 жыл жұмыс істеп келемін. Біз үшін сапа мен бірегейлікті үйлестіретін киім-кешектерді тігу маңызды болып табылады», – деп атап өтті дизайнер.

Айгүл Қасымова –табысты іскер ханым. Оның табыс құпиясы көптеген жас дизайнерлер мен кәсіпкерлер үшін үлгі. Себебі, болашақ сәнгер университетті аяқтаған соң, кішігірім ательенің негізін қалады. Біршама уақыттан соң бұл ателье сатып алушылардың сүйікті брендіне айналды. 2006 жылдан соң прет-а- порте топтамасын ұсынды.Дизайнер Kazakhstan Fashion Week және Mercedes Benz Fashion Week Almaty шараларының тұрақты қатысушысы болып табылады. Арнайы көрсетілімдері Франция, Испания, Ресей және Түркіменстанда өтті.

«Әйел кәсіпкерлер үшін ұйымдастырылған шараның мәні мен маңызы зор. Аталмыш шаралар өзара тәжірибемен алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға және жай ғана топтаманы тамашалауға мүмкіндік береді. Fashion day іскерлік келбетті құру мен қалыпастыруға, сонымен қатар эстетикалық талғамды дамытуға көмектеседі», - дейді облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Римма Салықова.

Сән іс-шарасына Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысып, іскерлік қоғамдастық және сән мен дизайн саласының өкілдері үшін FASHION DAY  айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

Сонымен бірге, сәнқойлық, сән мен қаланың өмірі туралы баяндайтын  LIFE TDK журналының таныстырылымы өтті.

«Біздің журнал қызықты, жарқын, көркем және жағымды басылым. Онда сіз өзіңізге қажетті барлық дүниені, жеке өсу мен бизнеске арналған мәліметті табасыз. Біз спорт, сән салалаларындағы қызықты шаралармен, табысты бизнесті құру құпияларымен бөлісіп отырамыз», – дейді журналдың бас редакторы Айжан Зәкірова.

FASHION DAY аясында шоу-рум ұйымдастырылып, «Айгүл Қасымова» және Кhalifa Collection брендтерінің киімдері сатылымға шығарылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер