«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетісулық «AquaMira» Бейжің төрінде

2017 жылғы 13 Шілде
- Жетісу облысы
6526 просмотров

Қытайда қазақстандық тауарөндірушілерінің жәрмеңкесі өтуде

Бейжіңдегі ең ірі супермаркеттердің бірі Beijing Jinyuan Shopping Center бірінші қабаты бұл күндері адамдарға тым лық толы. Оның басты себебі - қазақстандық тауарлардың қойылуы. 7 шілде күні «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мақсатында  сауда жәрмеңкесі ашылған болатын. Көрмеге 18 қазақстандық кәсіпорын ұн, шоколад, бал, балық, балмұздақ, кәдесыйлар мен кілемдер ұсынды.

Алматы облысының атынан жәрмеңкеде «Сырат» ЖШС «AquaMira» сауда белгісімен қатысып отыр. Сатылымға бөтелкедегі ауыз судың 3 түрі қойлыған. Олар - AQUAMIRA Classic, AQUAMIRA Fitnes және AQUAMIRA Iodofilic йодталған суы. Өндірілетін ауыз су инновациялық өнім болып саналады. «AquaMira» биогенді минералды су адам денсаулығына өте пайдалы.

«Жәрмеңкеде Бейжің тұрғындары мен қонақтарының біздің тауарларға деген ықыласы зор екенін байқадық. Тауарлардың көпшілігі Қытайдың өзінде көптеп өндірілгенімен, сатып алушылар қазақстандық тауарларды жоғары сапалы, экологиялық таза өнім деп бағалап отыр», - дейді компания өкілі Данияр Дауталиев.

Бейжің тұрғындарының айтуларынша, қазақстандық тауарлар өзге шетелдік өнімдермен салыстыруға келмейді, сондықтан да бірден сатылып кетіп жатыр.

«Сырат» ЖШС негізі 2010 жылы қаланған, ауыз су өндірумен және сатумен айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорында 25 адам жұмыс істейді. Компанияның жылдық айналымы 55 миллион теңгеден асады. «Біздің басты мақсатымыз - сапалы “жанды» суды ішуге мүмкіндік жасау», дейді компания өкілдері.

Еске салып өтейік, Бейжіңдегі қазақстандық тауарлардың жәрмеңкесі 16 шілдеге дейін жалғасады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер