«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда кәсіпкерлері біліктілігін арттырды

2017 жылғы 16 Маусым
- Қызылорда облысы
5051 просмотров

«Атамекен» ҰКП жанындағы «Агробіліктілік орталығы» ЖШС мен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен ауылшаруашылығы саласында кәсіппен айналысатын азаматтарға арналған кезекті семинар Жаңақорған, Сырдария аудандарында өткізілді.

Жаңақорған ауданындағы «Миялы», Сырдария ауданындағы «Ақжарма Инвест»  ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің базасында өткен «Мал шаруашылығындағы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы кооперациясы негіздері» бағытындағы семинарда «Агробіліктілік Орталығы» ЖШС сарапшысы Мырзахмет Өкісікбаев дәріс оқыды. Семинарда мал шаруашылығы саласында құрылған агроөнеркәсіптік кешен жұмысын тиімді ұйымдастыру, өндірілген өнімді тиімді бағада сату және өткізу жолдары қарастырылды және  басқа да құрылған кооперативтермен тәжірбие алмасу жүргізілді.  Шараға қатысқан 38 адамға арнайы сертификаттар табыс етілді.

«Жалпы биыл 8 базалық шаруашылықта семинарлар өткізу жоспарланған болатын. Басым бөлігі өтті. Семинарларды ұйымдастыру барысында екі кезеңге бөліп қарастырдық. Біріншісі – өсімдік шаруашылығы бойынша, екіншісі – мал шаруашылығы бойынша.Семинарларды салада тәжірибесі, ғылыми атақтары бар лекторлар дәріс оқыды. Шараға қатысу тегін, семинар қорытындысымен ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне сертификаттар берілуде», – дейді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Алма Пірманова.

Ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге мемлекеттен көрсетілетін қолдаулардың барлық түрлері туралы ақпарат алғыңыз келсе  «Атамекен» ҰКП байланыс орталығының 8-8000808010 нөміріне хабарласа аласыздар.

Онлайн өтініш беру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған fermers.kz веб-порталы жұмыс жасайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер