«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Субсидияның сан қыры

2017 жылғы 27 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
5836 просмотров

Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер инвестициялық салым кезіндегі шығындардың жартысын субсидиялауға қызығушылық танытып отыр

Жас келсе, іске! Бұл сөз Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалдары басшыларының ішіндегі ең жасы Батырхан Ахметовке арнап айтылғандай. Ол сауатты құқықтық кеңестері мен тиянақтылығының арқасында, аудандағы беделді кәсіпкерлер мен жас кәсіпкерлер арасында зор абыройға ие болды.

Шаруалар 2016 жылдың қазанынан бері СҚО Кәсіпкерлер палатасының Уәлиханов аудандық филиалынан шығындардың жарты бөлігін өтеуге байланысты мемлекеттік қолдау алуға көмектесуді сұрап келеді. Ережелерге сәйкес, инвестордың техника мен құрал-жабдық сатып алуға кеткен шығынының 20%-дан 80%-ға дейінгі сомасы өтеледі. Аталған құралды шамамен 25 кәсіпкер пайдаланбақ.

Аудандағы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге Субсидиялау ережелері түсіндірілді. Қызығушылық танытқан тұлғаларға өтінімдер мен қажетті құжаттар пакеттерін даярлауға көмек берілді. Сондай-ақ кеңес берушілер оларды Солтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерімен өткен іскерлік кездесулер кезінде сүйемелдеді.

«Бүгінгі таңда филиал 18 жобаны толықтай сүйемелдеп келеді, соның ішіндегі 7 АӨК субъектісінің жалпы сомасы 55,8 млн теңге болатын субсидия алу туралы өтінімі мақұлданды. Қалған 11 жоба осы айдағы комиссия отырысын күтуде, тағы 7 ауылшаруашылық тауарын өндірушінің құжаттары жиналуда. Мемлекет тарапынан Уәлиханов ауданындағы шаруаларға өтелетін шығындардың жалпы құны – 116 млн теңге», – дейді Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Б.Ахметов.

Филиал директоры Батырхан Ахметовтің басшылығындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығы кеңесшілерінің жүйелі жұмысына ауыл кәсіпкерлері қолдау көрсетті. 

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының жұмысы туралы «Керей» фермерлік шаруашылығының басшысы Қайрат Әбілкәрімов былай дейді: «2016 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы «Беларус-82.1» маркалы тракторын сатып алдым. Ауылшаруашылық дақылдарын дер кезінде себу үшін, ауылшаруашылық техникасын жаңарту қажет болды. Бірақ ол кезде мемлекет шығынның жартысын өтеп береді деп ойлаған жоқпын. Кәсіпкерлер палатасы филиалына қажетті құжаттар пакетін даярлауға көрсеткен шұғыл көмегі үшін алғысымды білдіремін».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер