«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Bloomberg: Қазақстан экономикасы ілгеріледі

2017 жылғы 17 Қаңтар
4027 просмотров

Bloomberg агенттігінің сарапшылары әлем бойынша озық  инновациялық экономикасы бар 50 мемлекеттің тізімін құрды. Аталған рейтингте Қазақстан өткен жылы  нәтижесін 2 позицияға көтеріп, 5,56 көрсеткішімен 48 орынға көтерілді. 

Айта кетейік, Қазақстан – Орта Азия елдері арасында аталған рейтингке кірген жалғыз мемлекет. Innovation Index тізімін құрарда  жеті критерий ескеріледі: инновация мен зерттеулерге жұмсалған қаражат, өнімділік, тиімділік, зерттеулердің, зерттеушілердің және жоғары технологиялы компаниялардың концентрациясы, патенттерді тіркеу.

Аталмыш рейтингтің көшін 89,00 көрсеткішімен Оңтүстік Корея бастап тұр. Одан кейін Швеция (83,98), Германия (83,92), Швейцария (83,69) және Финляндия (83,26) елдері бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер