«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Салық заңнамасы жетілдіре түсуге сұранып тұр

2016 жылғы 19 Қазан
- Астана қаласы
7118 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында салықтық және кедендік заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды

ӨКП алаңында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы консультативтік кеңестің отырысы өтті.

Іс-шараға астаналық палата директоры Ғани Тасмағанбетов, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Әбілқайыр Сқақов, консультативтік кеңестің құрамына кіретін елордалық кәсіпкерлер, сондай-ақ Астана қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты.

Жалпы алғанда, салық заңнамасына өзгерістер енгізу мәселелері бойынша кәсіпкерлердің өтініші қаралды. Дәлірек айтқанда, ҚР  Салық кодексінің «Лицензиялық алым» 472-бап 3-тармағында көрсетілген спирттік ішімдіктерді сақтау және көтермелеп сату бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алған салық төлеушілер үшін нақты жұмыс кезеңінің алым сомасымен төлейді.

«Әлеуметтік салық» ҚР Салық кодексінің 358-бап 2-тармағына сай, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар өзi үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салықты есептейді. Кәсіпкерлер кезең үшін айналымдар болған жағдайда әлеуметтік салық жинау жүргізуді ұсынды.

73-бап 1-тармақ 3-тармақшада: «тоқтата тұру, ұзарту, қайта ресімдеу және жіберу салық есебінің тәртібін» 5 жылдан аспайтын мерзімде мынадай нақтылаумен толықтыру ұсынылады: «салық есептілігін тоқтата тұрудың жалпы мерзімі оны ұзартуды ескере отырып белгіленген мерзімнен аспауы керек».

ҚР Салық кодексінің 180-бап 1-тармағындағы «Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табысты», кәсіпкерлер коммерциялық жылжымайтын мүлікті жүзеге асыру бойынша мүліктік табысты анықтауға мүмкіндік беретін Салық кодексінің 6-1 тармағымен толықтыру керек деп есептейді.

Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағындағы MEGAPlaza-да ашылудағы балалар ойын-сауық саябағы көтерген «тіркелген салық» тақырыбы үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Жиын қорытындысында қатысушылар салық және кеден заңнамасын жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер