«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шенеуніктердің шалағайлығы

2016 жылғы 23 Қыркүйек
- Жетісу облысы
5642 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі бизнес-омбудсменнің жеке қабылдауына келіп түскен тағы бір іс оң шешімін тапты

«Кама-центр» ЖШС-ға қатысты Қарасай ауданы жер қатынастары бөлімінің тарапынан заңбұзушылықтар анықталды.

Компания бұрын «ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және маркетинг» АҚ-дан Алматы-Бішкек тас жолының бойында автожанармай құю станциясын жер телімімен қоса сатып алған. Алайда, кейін анықталғандай, көрсетілген нысан,  қандай да бір құрылыс жүргізу мен қайта жаңарту қарастырылмаған көшенің қызыл сызық аумағында орналасқан болып шығады. Бұл жағдай аукционға қойылған кезде мүлдем көрсетілмеген. Өтініш берушінің жер телімінің топографиялық түсірілімін көрсету туралы сұрауын «ҚазМұнайГаз – ӨМ» АҚ ынталандырмаған.

Сондай-ақ, Қарасай ауданы әкімінің дерегі бойынша, қаралып отырған жер телімінде, кешенді қала құрылысын жоспарлау және Алматы-Бішкек тас жолының бойындағы аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау үшін бекітілген жобаға сәйкес, Алматы-Ұзынағаш жер телімін мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығару жоспарланған. Соның салдарынан компания бизнес-омбудсменге жүгінуге мәжбүр болды.

Кәсіпкерлер палатасының Қарасай ауданы әкімдігіне жүгінуі оң нәтиже берді. Серіктестікке тиесілі жер телімін тартып алуға жол берілмейтіні анықталды. Алайда, кәсіпкерге жер телімдерін иеліктен шығару жоспарының көшірмесі сол бойы көрсетілген жоқ.

«Қазақстан Республикасының «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының 5-бап 4-тармағына сәйкес, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар Ұлттық палатаның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынуға міндетті. Сондай-ақ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңында ақпаратқа қол жеткізу құқығы тек заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана шектелуі мүмкін. Келтірілген мән-жайларға қарамастан, мемлекеттік органдарға жер телімдерін иеліктен шығару жоспары туралы сұрау салынған ақпарат берілген жоқ», – деді Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Диас Оташбаев.

Палата қажетті ақпараттарды көрсетпегені үшін прокуратура органдарына жүгінді. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде бақылау органы заңбұзушылықты анықтады. Осыған орай Қарасай ауданы әкімінің атына, жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы прокурорлық жауап қату актісі енгізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер