«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кеншілер де тәттіге құмар

2016 жылғы 22 Тамыз
- Павлодар облысы
11111 просмотров

Павлодарлық «Крендель» компаниясының кондитерлік өнімдері ел ішінде кеңінен танымал екені белгілі

Бұл таң қаларлық жайт та емес, өйткені компания нарықта 20 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді.

Жақында кеншілер қаласының тұрғындары үшін де «Крендель» өнімдерінің дәмін тату мүмкіндігі пайда болды. Екібастұздың танымал «City Mall» сауда-ойын-сауық орталығында танымал павлодарлық кондитерлік бренд өз өнімдерін сата бастады.

Компанияның «Біз өмірдің дәмін келтіреміз» деген ұраны өзін ақтағандай, өйткені аталған өндірістің әрбір тәттісін өнер туындысы дерсің, олар дәмімен ғана емес, сыртқы әрлендіруімен де көз қуантады. Бүгінде Екібастұзда бой көтерген кәсіпорын 30-дай адамды жұмыспен қамтып отыр.

Айта кетерлігі, Павлодардың кондитерлік брендіне франшиза алу Екібастұз қаласы Кәсіпкерлер палатасы филиалының қолдауының арқасында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы қолжетімді болды.

«Екібастұз Крендель» ЖШС құрылтайшылары кәсіпкерлік қызметтің бұл бағытын қарапайым жұмыс қана емес, жанға рахат сыйлайтын іс деп атады. Кондитерлік орталық қала тұрғындарының сүйікті орындарының бірі болатындығына сенім бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер