«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Прокуратурамен бірлесе заңсыздықтарға тосқауыл қойылды

2016 жылғы 23 Маусым
- Жетісу облысы
6978 просмотров

Облыс кәсіпкерлеріне қатысты қозғалған заңсыз қылмыстық істерді Прокуратура органдары тоқтатты

Кәсіпкерлер палатасы мен облыс прокуратурасы арасындағы стратегиялық әріптестік өңір прокурорының бизнесті қорғау мәселелерін өзінің жеке назарына алуының арқасында оң нәтиже беруде. Қадағалаушы орган кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты істер қылмыстық құқық бұзушылықтың бір де бір белгісі жоқ агентуралық хабарламалар негізінде жүргізілетін жағдайларды анықтаған.

«Заңсыз оперативтік есеп ісін жүргізе отырып және қылмыстық істер қозғай отырып, қылмысты қудалау органдары кәсіпкерлердің конституциямен қорғалған құпия мәліметтерімен танысады, шақыртулар, тергеулер, құжаттарын алу, шоттарын қамаулар басталады, осылайша, олардың құқықтары бұзылады», – дейді Алматы облысының прокуроры Ғабит Миразов.

Бүгінгі таңда заңсыз қозғалған 16 іс пен заңсыз жүргізілген 13 істі облыс прокуратурасы тоқтатты. Мәселен, осы жылдың мамыр айында офицер Е.Мақашовтың рапорты «АкжарСнабСтрой» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғауға негіз болды. Полицияның нұсқасы бойынша, компания Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің Жедел басқару орталығын сапасыз салған.

«Прокуратура материалмен танысып шыққан соң, аталған нысанды 2015 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік қабылдау комиссиясы ешқандай ескертусіз қабылдағаны анықталды. Осылайша құқық қорғаушы орган қызметкері келтірген дәлелдер іс материалдарына қайшы келеді және алаяқтық жасалғандығы туралы басқа мәліметтер жоқ. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ болғандықтан, іс тоқтатылды», – деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі директоры Қанат Қабдиев. Сондай-ақ, полиция қызметкерінің «Жөндеу Құрылыс» ЖШС-ның үстінен кәсіби-техникалық лицей құрылысының сапасыз жүргізілгендігі туралы тағы бір арыз жазғандығы анықталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында тапсырыс беруші тараптың бүгінгі күнге дейін құрылыс сапасына тағатын міні жоқ екендігі анықталып, іс тоқтатылды. Сондай-ақ, Қабдиев осыған ұқсас негізде 14 қылмыстық істің  тоқтатылғандығын айтып өтті. Анықталғандай, істі қозғаудың бастамасышы ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері аталады екен.

ӨКП-ның бастама көтеруімен, сотқа дейінгі тергеулердің негізділігін анықтау, есептік-тіркеу тәртібін сақтау мақсатында облыс прокуротурасы Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің 2015-2016 жылғы жұмысын тексерді. «Тексеріс кезінде қолданыстағы есептік-тіркеу тәртібін реттейтін заңнама нормаларының, танысу үшін қылмыстық істерді өткізу тәртібінің, заттай айғақтардың сақталу тәртібінің бұзылғандығы, сондай-ақ кәсіпкерлерді қуғындау орбитасына негізсіз тарту деректері анықталды», – деп жазылған хабарламада.

Сонымен, осы жылы лауазымды тұлғалардың рапорты бойынша 143 қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу басталған, соның ішінде сотқа бар-жоғы 13,9%-ы ғана жіберілген, 12,5% іс бойынша тергеу мерзімі тоқтатылған. Тергеудің 20,2%-ы арызды заңсыз тіркеу себепті тоқтатылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер