«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Еңбек адамды түзейді

2016 жылғы 18 Мамыр
- Қарағанды облысы
8305 просмотров

Бизнес материалдық және моральдық еркіндікке қол жеткізудің мүмкіндігі  

Қарағанды облысында жазасын өтеп жатқан жүзден астам адам 17 кәсіпорынды біріктірген кооперацияда өз еңбектерімен нан табуға мүмкіндік алды. Қамалғандар жиһаз, өнеркәсіптік және тұрмыстық химия, жасанды тастардан сантехникалық бұйымдар, фурнитура жасайды және тіпті қоян өсіреді.

Қарағанды облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Еңбек бөлімінің бастығы Зәуре Бекмұханбетованың айтуынша, тұтқындардың ай сайынғы жалақысы 21 000 теңгеге дейін жетеді.  

«Адамның конституциялық құқықтарының бірі қамаудағы адамның еңбек ету құқығы болып табылады. Олар еңбек ете отырып, отбасыларына материалдық жағынан көмек көрсете алады, сот шығындарын төлейді. Жұмыс істеу үшін олар жұмыс берушімен жеке еңбек келісімшартына қол қояды. Онда тараптардың құқықтары мен міндеттері, еңбек шарттары көрсетілген. Жұмыс беруші тағайындайтын тұтқындардың еңбекақы мөлшері ҚР заңнамасында бекітілген ең төменгі мөлшерден кем болмайтынын атап айтқым келеді», – деді бөлім басшысы.

ҚАЖД және кәсіпкерлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық орнатуда Қарағанды облыстық Кәсіпкерлер палатасы белсенді көмек көрсетуде. КП  кеңсесінде өткен кездесуде тараптар қамаудағылардың кәсіпкерлік әліппесін үйренуіне мүмкіндік жасау мәселесін талқылады.

«ҚАЖД жүргізген алдын ала даярлықтан кейін біз бизнес-тренерлерді шығарып, бес топқа арналған оқуды ұйымдастырамыз. Кездесуде біз босатылуына бірнеше ай қалған тұтқындарды оқыту жөнінде шешімге келдік. Өкінішке орай, қоғамда сотталған тұлғаларға сенбейтіндердің бар екендігі құпия емес, оларға жұмысқа тұру да қиын. Сол себепті өз ісін бастау – ең дұрыс шешім. Оның үстіне, қамалғандардың негізгі тобының кем дегенде орташа-арнаулы білімі бар, тіпті жұмысшы мамандықтары бойынша біліктілікке де ие. Олай болса, оларға неге өзіне жұмыс істемеске?», – дейді қарағандылық Кәсіпкерлер палатасының Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Жанаргүл Құлмағамбетова.

Оқуды шілде айында бастау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда облыста сотты болғандармен 17 кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өткіміз келеді, ал 102 адам жұмысқа орналастырылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер