«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ЖСН-сіз елден шығармайды

2016 жылғы 05 Мамыр
11949 просмотров

Шетелге шығуды жоспарласаң – ЖСН-нің бар-жоғын тексер!

ҚР азаматтарына құжаттарын ауыстыру үшін берілген өтпелі мерзімнің аяқталуына байланысты, шетелге шығуды жоспарлағандардың барлығы, қалыптасқан жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жоқ құжаттарын көрсеткен ҚР азаматтары Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткізілмейтінін есте ұстауы тиіс.

2013 жылдың қаңтар айында жеке басын куәландыратын құжаттарда ЖСН болуы туралы заңнамалық норма қабылданғанын еске саламыз.

«Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, мұндай құжаттарға мыналар кіреді:

  1. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

      3) Шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасындағы ықтиярхаты;;

      4) Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

      5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық төлқұжаты;

      6) Қазақстан Республикасының қызметтік төлқұжаты;

      7) Босқынның куәлігі;

      8) Қазақстан Республикасындағы теңізшінің жеке куәлігі;

      9) Шетелдік төлқұжат;

      10) Қайтып оралуға арналған  куәлік;

      11) Тууы туралы куәлік.

Осы ретте төлқұжат, жеке куәлік, шетелдіктің ҚР-дағы ықтиярхаты, дипломатиялық және қызметтік төлқұжат, сондай-ақ, тууы туралы куәлік тәрізді құжаттарда жеке сәйкестендіру нөмірі бар болуы тиіс.

Оған қоса, жеке басты куәландыратын құжаттар жоқ болған жағдайда, ЖСН оралманның куәлігінде, азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігінде, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың тіркеу куәлігінде бар болуы тиіс.

Тууы туралы куәліктен басқа құжаттар, оларда 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалыптасқан сәйкестендіру нөмірі жоқ болған жағдайда,  жарамсыз ден танылады.

 

Осыған орай, ҚР «Атамекен» ҰКП, туристік компаниялардан туристік пакеттерді рәсімдеу кезінде жеке басты куәландыратын құжаттарда ЖСН-нің болуына айрықша назар аударуын өтінеді.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер