«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлік қабілетке қолдау көрсету

2016 жылғы 22 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
8482 просмотров

Шығыс Қазақстан облысынан төрт жоба республикалық «SAGE Kazakhstan» – 2016 байқауына жолдама алды

Шығыс Қазақстан облысын қосқанда Қазақстанның бес облысы халықаралық «SAGE Kazakhstan» пилоттық жобасына қатысуда.

Бұл жоба оқушылар мен студенттерді кәсіпкерлік, экономика және бизнес негіздерін оқытуға бағытталған.

Биыл Кәсіпкерлер палатасы білім беру басқармасымен бірлесе отырып, мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының студенттері арасында кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру мақсатында бизнес-жобалар байқауын ұйымдастырды.

Байқау Семей қаласындағы экономика саласына мамандар дайындайтын бизнес-колледжде өткізілді. 5 түрлі номинация бойынша бақтарын сынаған байқау қатысушыларын облыстағы жетекші ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, колледждердің жоғары білікті мамандары бағалады.

Сарапшы комиссияның төрайымы, «TarlanPM Group» ЖШС-ның бас директоры Зарина Бүйімбаеваның айтуынша, өткізілген байқау мектеп және колледж оқушыларына жеке кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға септігін тигізеді.

«Ұсынылған жобалар қаржылық моделінің сапасы мен маркетингтік талдауының тереңдігімен, өзектілігімен, тәжірибелік мәнділігімен ерекшеленеді», – деп атап өтті ШҚО КП адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Роза Бейсекенова.

Байқау қорытындысына сәйкес, «Жеке іс» номинациясында Курчатов қаласының №3 мектебінен келген Андрей Жиганов, Данил Кошненколар, «Инновациялық кәсіпкерлік» номинациясында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Жәмила Желпақова, «Агробизнес» номинациясында Үржар колледжінің студенті Темірлан Қазы, «Әлеуметтік жоба – өзекті әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешудің негізі» номинациясында Риддердің аграрлық колледжінен келген Ринат Сәткеев, Виктория Лиманскаялар жеңімпаз атанды.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары республикалық «SAGE Kazakhstan» 2016 байқауына қатысуға жолдама алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер