«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ең дәмді еттен жасалған өнімдер

2016 жылғы 15 Сәуір
- Астана қаласы
9881 просмотров

Астаналық кәсіпкер ет өнімдерін шығарудың толық циклін іске қоспақ

«Александров» ЖК ет өңдеу нарығында 10 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде кәсіпорын шұжық өнімдері мен деликатестердің 150 түрін өндіруді жолға қойған. Өнім тек астана тұрғындарының ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша сұранысқа ие. Кәсіпорынның «ең дәмді!» делінетін ұраны ақырындап шетелге де танылып келеді.

«Бүгінде бізде жылқы етінен жасалған өнімдер сұранысқа ие, оны негізінен Еуропа елдері көп әкетеді. Жылқы еті мен одан жасалған шұжық өнімдері еуропалықтар үшін таңсық, дегенмен олардың талғамына сай келді», – дейді «Александров» ЖК-ның технологы Наталья Пучкова. Оның айтуынша, кәсіпорын тек жергілікті шикізатпен ғана жұмыс жасайды. Жылқы, шошқа және сиыр етін астаналық жеткізушілерден, құс етін – өскемендік өндірушілерден сатып алады. Тек дәмдеуіштерді ғана шетелден, Австриядан әкелуге мәжбүр, себебі Қазақстанда олар өндірілмейді.

«Біздің ет өнімдеріміз – ең дәмді! Себебі біз малды құнарлы жеммен азықтандырамыз», – дейді мақтанышпен технолог.

Кәсіпорын директоры Александр Александровтың айтуынша, елде ет аз болғандықтан оның құны да қымбат, отандық шұжық өнімдерінің шеттен әкелінген, мәселен Ресей немесе Украина шұжықтарынан қымбат болуы да сондықтан.

«Мал шаруашылығын жандандыру және кеңейту керек. Сонда ғана жергілікті өндірушілердің өзіндік құн бойынша бәсекеге қабілеттілігі  артады», – дейді бизнесмен.

Бүгінде ет өңдеу кәсіпорны шағын жалға алған ғимаратта жұмыс жасап келеді, бұл оның қуаттылығына да әсер ететіні сөзсіз. Алайда жақын арада кәсіпорын өз ғимаратына көшпекші. Бұған қарағанда кеңірек ғимарат салынуда.

«Құрылысты аяқтау үшін қаражаттың бір бөлігін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бағдарламалары арқылы банктен алдық. Алдағы үш ай ішінде құрылысты аяқтап, сонда көшуді жоспарлап отырмыз. Сол кезден бастап жартылай фабрикаттар мен шала қақталған шұжық өндіруді жолға қоймақпыз. Осылайша, біз ет өңдеу өндірісінің толық цикліне ауыспақпыз», – деді Наталья Пучкова.

Кәсіпорында заманалы австриялық жабдық орнатылған, бұл жабдық бізге өнімнің құндылығын сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, мұнда өндіру процесінде мұз қолдану технологиялары пайдаланылады, сапалы металдан жасалған пышақтар туралған еттің қызып кетуінен қорғайды, осылайша өнімнің сапасы да жоғары болады.

Александровтың айтуынша, оның әлеуетті клиенттері де  жетерлік, тек жұмыс жасау керек.

«Нарыққа шыққанымызға 11 жыл болды, мен әлі күнге дейін өз жұмысшыларыммен бірге жұмысқа сағат таңғы 6-да келемін. Қазір ғой, өндіріс жолға қойылғаннан кейін 12 сағаттық жұмыс күні орнағаны, ал бұрын 16 сағаттан жұмыс жасайтынбыз. Ештеңе емес. Жұмыс, жұмыс, тағы да жұмыс, сонда ғана іс оңалады», – деді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер