«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мейрам Пішембаев Республикалық Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесті басқарады

2016 жылғы 30 Наурыз
10488 просмотров

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев Республикалық Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы болып тағайындалды

«Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Республикалық кеңесі (РКҚҚК) Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен өткен жылдың маусым айында құрылған болатын. Аталған ұйымның міндеті партияның, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнестің, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік органдардың отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі күш-қуатын біріктіру болып табылады.

Кеңес отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі нақты практикалық шешімдер, тұжырымдамалық ұсыныстар әзірлеуге арналған  қоғамдық сұхбаттасу алаңына айналуы тиіс. Оның құрамына Парламент депутаттары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы, бизнес-қоғамдастықтар мен мемлекеттік органдар өкілдері мен белгілі сарапшылар кірді.

РКҚҚК-тің жаңа басшысы – елімізге танымал тұлға. Мейрам Пішембаев Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын бітірген, экономика ғылымдарының докторы. 1989 жылдан 2004 жылдар аралығындағы кезеңде «Ақсу» АҚ басқарма төрағасы, «Росмұнайдың» Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, «Қазнефтеком» ЖШС-нің вице-президенті, «Қазақойл» ҰМК-ның Павлодар  МӨЗ-інде бас менеджер қызметтерін атқарды. 2004-2006 жж. – «Казахсельмаш» Корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы. 2007 жылдан бері – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер