«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Реестрдағы доминанттар: Бөгеттер алынды!

2016 жылғы 02 Ақпан
- Қостанай облысы
10560 просмотров

Қостанай облысының алпыстан астам кәсіпорны мемлекеттің монополистер мен доминанттар реестрінен шығарылып тасталды.

Бұл шара Кәсіпкерлік кодексінің күшіне енуіне байланысты әрі бизнесті бюрократиялық және қаржылық ауыртпалықтан алып қалуға мүмкіндік береді

Бұған дейін доминаттар реестріне тіркелген компаниялар монополияға қарсы органдарға барлық көрсеткіштері бойынша есеп ұсынуға міндетті болатын. Мұндай есепті әзірлеуге фирма өкілдерінің көп уақыты кететіні жайлы Кәсіпкерлер палатасына да бірнеше рет арыз келіп түсті. Әрі есеп мерзімінде өткізілмесе – 2 мың АЕК дейін көп айып салынды.

Одан басқа, реестрға кіргізу немесе шығару тәртібінің өзі бизнес үшін көп проблема туғызды.

«Нарықта ірі компаниялардың көбеюіне байланысты доминат болуды тоқтатқан кәсіпорындардың миллиондаған айыппұлға тартылғаны жөнінде бізге арыздар келіп түсті. Оған реестарға тіркеу ережесі жөнді жетілмегені себеп. Нәтижесінде өзінің дұрыстығын дәлелдеу және әкімшілік жазаны алып тастау үшін олардың сот тәртібіне сүйенуіне тура келген», – деді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының құқықтық бөлім бастығы Ренат Дәулетбаев.

2013 жылы облыстық палатаның сарапшылары бұл мәселені жүйеге келтіруді «Атамекен» ҰКП деңгейіне дейін көтерген. Нәтижесінде Кәсіпкерлік кодексінің 2016 жылғы 1 қаңтарда күшіне енуі байланысты реттемелі нарық субъектісі болып табылмайтын кәсіпорындар реестрдан шығарылып тасталды. Шешім ҰКП-ның бірнеше мәрте ұсыныс жасауының нәтижесінде қабылданды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер