«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Америкалық инвесторлар Қазақстанға келуге дайын

2015 жылғы 10 Желтоқсан
8598 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және АҚШ Іскерлік кеңесі Вашингтонда өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Құжатқа ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев қатысқан Үшінші қазақстандық-америкалық Конвенция жұмысының аясында қол қойылды.

АҚШ Іскерлік кеңесі 1955 жылы президент Дуайт Эйзенхауэрдің бастамасымен құрылған болатын. Бүгінде аталмыш коммерциялық емес ұйым үкімет пен жеке меншік сектор арасындағы байланыстырушы тізбек болып табылады. Кеңеске шамамен 200 ірі компания кіреді.

Іскерлік кеңестің вице-президенті Джефф Дональдпен кездесуде ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев инвестициялық әріптестік мәселелерін талқыға салды. Оның айтуынша, еліміз Қазақстанның қайта өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шауашылығын көтеруге мүмкіндік беретін, АҚШ-тан келетін инвестицияларға мүдделі. Дей тұрғанмен, америкалықтар да әріптестікке біршама мүдде танытуда.

«Меморандумда инвестициялық серіктестіктің барлық мәселелері талқыланады. Егер бұрын АҚШ компаниялары негізінде мұнай мен газға қызығушылық танытып келген болса, қазір олар капиталдарын ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларға салуға дайын. Біздің ел олар үшін – Ресейдің, Қытайдың нарығына терезе іспеттес», - дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.  

АҚШ Іскерлік кеңесінің өзара түсіністік жөніндегі вице-президенті Джефф Дональд Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында жарияланған Қазақстан халқына Жолдауында елге инвестициялар тарту туралы айтқанын атады.

«Менің ойымша, бұл дұрыс қадам және біз қазақстандық нарыққа кіру мүмкіндігін міндетті түрде пайдаланамыз. Америкалық бизнестің қазақстандық кәсіпкерлермен тығыз ынтымақтастығына қажет барлық жағдайларды ұсынуға дайынбыз», - деді АҚШ Іскерлік кеңесі басшысының орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер