«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сарбаздар қалай киінеді?

2015 жылғы 13 Қараша
14540 просмотров

Қазақстанда әскерилерге арналған киімнің ұлттық стандарттары дайындалып жатыр

Әскери адамдар жұмысының ерекшелігі олардың түрлі жағдайларда, соның ішінде далалық жағдайда да қызмет жасайтынында екені белгілі. Бұл жерде қатардағы жауынгер немесе офицердің ыңғайлы, жылы және сапалы киім кигені өте маңызды. Отан қорғаушылардың киім-кешегі бүгінде біршама маңызды роль ойнайды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшылығы Жеңіл өнеркәсіп кіші комитетінің отырысында дәл осы мәселе сөз болып, формалық киіндіруге ұлттық стандарттарды дайындау мәселесі талқыланды.

Талқылау Қорғаныс министрлігі, Бас әскери прокуратура, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР ІІМ ТЖҚ, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Ұлттық гвардиясы өкілдерінің, сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Формалық киіндіруге арналған ҚР ұлттық стандартын дайындау киімнің әскери формасы сапасын айқындайтын маңызды фактор болып табылады. Аталмыш жұмысқа барлық кәсіпорындардың жұмылып, Қауымдастық атына ұсыныстары мен ескертулерін ұсынғаны аса маңызды», - деді Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова. Оның сөзінше, Қазақстанда  ұлттық стандарт жобалары дайындалуда.

Жауынгерлерге жаңа киім, аяқ киім қажет, бірақ ол қандай болуға тиіс? Әрине, бұл туралы әскерилердің өздері жақсы біледі. Алайда таңдау жасамай тұрып, оалрдың қазақстандық сарбаздар үшін киім ойлап табатын дизайнерлер жұмысымен танысуы қажет. Осыған байланысты ҚР Қарулы Күштері тылының заттық басқармасының бастығы Руслан Көкішев кәсіпорындардың оларға ұлттық стандарттар жобаларын нақтылау үшін үлгі-эталондарын ұсынуын сұрады.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары басшылары да ұлттық стандарттардың белгіленген жобаларына толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша өз ұсыныстарын берді.

Жеңіл өнеркәсіп кіші комитеті отырысында тағы бір маңызды мәселе – 2016 жылға арналған қорғаныс тапсырысын қалыптастыру мәселесі қаралды. Жеңіл өнеркәсіп өкілдері айтып өткендей, ұлттық валюта девальвациясын ескере отырғанда, нақты бағаны белгілеуге қатысты бірқатар түйткілді мәселелер бар.

ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшысының міндетін атқарушы Төлеген Молдахметов бұған қатысты Ұлттық палатаның талдау жүргізгенін, сонымен бірге жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары өндіретін өнімдердің өзіндік құны бойынша да талдау жасағанын хабарлады.

«ҚР ҰЭМ Статистика комитеті берген деректер бойынша жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өзіндік құны құрылымындағы шығынның 60%-дан астамы шикізатқа тиесілі (маталар, қосалқы материалдар), 18% - жалақы қоры. Шикізаттың барлығы дерлік шетелден әкелінеді. 2015 жылғы қарашаға дейінгі кезеңде ағымдағы кезеңге қатысты алғанда ұлттық валюта 70% девальвацияланды. Осыған байланысты «Қазақстан инжиниринг» АҚ құқық құрылымдарының қосымша маркетингілік талдау жүргізіп, 2016 жылға арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру кезіндегі баға саясатын қайта қарауын мақсатқа лайықты деп санаймыз», - деп қорытты Төлеген Молдахметов.

«Қазақстан инжиниринг» АҚ өкілдері аталмыш ұсынысты қолдай отырып, бұл мәселенің қысқа ғана мерзім ішінде ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Самұрық-қазына» ҰӘҚ» АҚ қарауына шығарылатынын атады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер