«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Артық шығыннан құтылуға көмектесті

2015 жылғы 26 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
14805 просмотров

Алайда кәсіпкердің кінәсі жоқ еді. Палата сарапшылары анықтағандай, салық төлемі банк бағдарламасының іркілісінен уақытында түспей қалған.

20 наурыз күні таңертең Петропавл бройлер фабрикасының қызметкерлері банктердің бірінде «Кеден Одағы елдеріндегі импорт бойынша ҚҚС» төлеуге жедел төлеммен 1 954 000 сомасына төлем тапсырмасын жөнелтеді. Бұл күні кәсіпорын дебиторлардан ақша түсуін күткен еді, және де басқа бір банктегі кредитті мерзімі бойынша жабу керек болатын.

Алайда ақша түспеген кезде, банк маманы салық төлеуге төлем тапсырмасының ертерек жөнелтілгеніне назар аудармай, және де жедел төлеммен жіберілгеніне қарамай, салықты төленбеген күйінде қалдырып, ақшаны кредит жабуға аударып жібереді, дейді өтінішінде «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС директоры Рамазан Малгаждаров.

Кәсіпорын есептік шоттағы қалдық және орындалмаған төлем тапсырмасы жайлы тек мереке өткен соң 26 наурызда бір-ақ біледі. Дәл сол күні жедел тапсырмамен төлем жасалады. Алайда Петропавл мемлекеттік табыс басқармасы бересі сомасынан 30 % көлеміндегі әкімшілік айыппұлға хаттаманы қалдырады. Кәсіпорын тарихында мұндай оқиғаның алғаш рет орын алып отырғанын атап өту керек. 2013 және 2014 екі жыл бойында фабрикаға қосылған құн салығын төлеу бойынша алтын рейтинг табысталған еді.

«Қазірде «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС салмақты шығын көріп отыр, құс еті нарығындағы қатаң бәсеке жағдайында өндіріске қажет тауарларды Ресейден импорттауға мәжбүр болып отырмыз, үнемі импорт бойынша салық төлеп отыруға тура келеді. Аталмыш бұзушылық біздің кінәмізден болған жоқ, оған банк маманы кінәлі, сондықтан да қалыптасқан жағдайда бройлер құсы етін отандық өндірушіге көмек пен қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз», - делінген өтініште.

Кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РМБ Солтүстік-Қазақстан филиалы басшылығымен, сондай-ақ салықтың уақытында төленбеуіне кінәлі банк өкілдерімен аталмыш жағдайды талқылап, «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС-н сотта қолдау жайлы келіссөздер жүргізді.

Сонымен, сотта салықтың уақытында төленбеуіне кінәлі банк бағдарлама іркілісінің салдарынан төлем есептілігі кезегінің тәртібі бұзылғанын, осының салдарынан кәсіпорын салығының уақытында төленбегенін растады. Істі қарау нәтижесінде кәсіпорынға жазылған бересі сомасынан 30 % мөлшеріндегі айыппұл күшін жойды. Осылайша, Палата жәрдемімен аталмыш мәселенің шешілуі «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС 586 200 теңгені үнемдеуіне мүмкіндік берді (кәсіпорын тек өсімпұлды төледі).

Жақында СҚО Кәсіпкерлер палатасына хат келіп, онда кәсіпорын әкімшілігі түйткілді шешуде көрсетілген жәрдем үшін сарапшыларға өз алғысын білдіріпті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер