«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нысандарды жекешелендіру ел бюджетін толықтырды

2015 жылғы 18 Мамыр
6805 просмотров

Нысандарды сатудан республикалық бюджетке 730 миллион теңге түстіоблыстық бюджетке - 745 млн. теңге, холдингтерге - 38 567 млн. теңге және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға - 2 915 млн. теңге түскен.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы макроэкономика департаменті 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы туралы ақпараттандыра келіп, 492 нысанның жекешелендіруге жататынын, оның ішінде 303 нысанның 2014 жылғы маусым айынан бастап 2015 жылғы сәуір айына дейінгі аралықта сату жоспарланғанын хабарлады.

2015 жылғы 30 сәуірге қарсы 282 нысан сатуға шығарылды, оның ішінде 160 нысан жеке меншікке «кетті», сонымен бірге республикалық меншікке 7 нысан сатылды, коммуналдық меншік бойынша - 68, ӘКК бойынша - 48, және де холдингтердің 37 нысаны.

ҰКП департаментінің ақпараты бойынша, 34 республикалық меншік нысаны жекешелендіруге жатады. Былтырғы жылғы маусым айынан биылғы сәуір айына дейін 18 нысанды сату жоспарланған. Үстіміздегі жылдың 30 сәуірінде өткен сауда нәтижесінде 18 нысанның жетеуі бірден сатылып кеткен.

243 коммуналдық меншік нысаны жекешелендіруге жатады. Былтырғы жылдың маусым айынан 2015 жылғы сәуірге дейін 141 нысанды жекешелендіру көзделген. Үстіміздегі жылдың 30 сәуірінде 135 нысан саудаға қойылып, нәтижесінде 68 нысан жеке меншікке берілді.

Сонымен қатар 109 ӘКК (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация) нысанын сату жоспарланды. Жекешелендіруге жататын 75 нысаннан іс жүзінде 64 нысан шығарылып, 48 сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 106 нысанды жекешелендіру жоспарлануда. 2015 жылғы 30 сәуірде сатуға жоспарланған 69 нысаннан іс жүзінде 67 нысан сатуға қойылған, 37 сатылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер