«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау»: өңірдегі бизнес-бастамаларға не кедергі?

2018 жылғы 05 Қыркүйек
- Жетісу облысы
4913 просмотров

«Бастау» кәсіпкерлікті оқыту жобасының Алматы облысындағы қарқыны күшейе түсті. Қазіргі таңда 1600-дан астам адам оқуды аяқтап, кәсіпкерлер қатарын толықтырды.

 Жоба аясындағы жетістіктермен бірге несиелендіру, учаскені алу, өнімді шығаратын нарықты табу сынды күрделі мәселелер тұр. Осы және басқа да сауалдар Іле ауданында Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Жанна Телпекбаева мен облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықовтың «Бастау» қатысушыларымен өткізген кездесуінде сөз болды.

Палата басшысы өз сөзінде жобаның ауыл азаматтары мен кәсіпкерліктің дамуы үшін орны мен маңызы зор екенін айтты.

«Ауылдағы бизнесті дамытуға арналған «Бастау» жобасы Мемлекет басшысының ерекше назарында. Сондықтан да Өңірлік палата мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан жобаларды қаржыландыру мен сүйемелдеу бойынша жан-жақты қолдау жүргізілуде», – деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.

Кәсіпкерлер палатасының директоры қаржының жетіспеушілігі «Атамекен» мен әкімдіктің ерекше бақылауында екенін жеткізді.

«Бастау» жобасының қатысушыларының айтуынша, қаржыландырудың жоқтығы бизнес-жобаларды іске асыруда негізгі кедергі болуы мүмкін.

Бүгінгі таңда Іле аудананында жүргізіліп жатқан оқудың төртінші ағымында 36 адам қатысуда.

Жалпы жыл басынан бері жобаға 109 адам қатысып, оның 13-і несие алды. Өткен жылы аудан бойынша 149 жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған азамат қатысты. Олардың 60-ы жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізді.

Жобаның бизнес-тренері Гүлмира Бағжаева аудан бюджетін бекіту кезінде әрбір аудандағы кәсіпкерлікке ынталы азаматтардың саны мен мүмкіндіктеріне қарап әзірлеу керек деген пікір білдірді.

«Іле ауданы – Алматы облысындағы халық көп шоғарыланған өңір және кәсіпкерліктің белсенді орталығы болып табылады. Осы себепті де аудандағы жылжымайтын мүлік бағасы жоғары, көптеген қызмет түрлері мен тауарларға сұраныс бар, өткізу нарықтары жеткілікті. Бизнес-жобалардың орташа сомасы 8-10 миллион теңгені құрайды. Қаржыландыру бөлу кезінде ауданның ерекшелігі мен әлеуетін есепке алу керек», – дейі бизнес-тренер. 

Жиын барысында жоба қатысушысы 32 жастағы Мира Медеуова жақында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, сұлулық салонын ашу жөніндегі бизнес-жоспар дайындап жатқанын айтты. 

«Ең алдымен бизнесті бастау мен оны жүргізуге  көмектесетін шынайы жобаның пайда болғанына ризашылығымды білдіргім келеді. Мен бірнеше жылдан бері шаштаразшымен және баяғыдан бері өз ісімді ашуды армандап келемін. «Бастау» арманымды іске асыруға жақсы мүмкіндік сыйлады.  Бәрі қолымнан келеді деп сенемін», – деп бөлісті Мира.

Бұнымен қоса, қатысушы «Бастаудың» өткен жылғы түлегі Гүлжайна Ыбыраймовадан тәжірибелік сабақтар алып келеді. Гүлжайна 10 миллион теңгеге Байсерке ауылында жеке сұлулық салонын ашқан болатын.

Кездесу соңында Өңірлік кеңес мүшщесі Жанна Телпекбаева кәсіпкерліктегі жеке тәжірибесімен бөлісіп, болашақ кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

Еске салып өтейік, бүгінде Алматы облысында «Бастау» жобасы бойынша 1681 адам оқуды аяқтап, 245-і несие алды. Сонымен бірге қосымша 52 жоба мақұлданып, қаржыландыруды күту үстінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер