«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Заңсыз тексерулер: қалай болдырмау керек және қайда арыздануға болады?

2017 жылғы 23 Мамыр
13286 просмотров

Заңсыз тексерулер: қалай болдырмау керек және қайда арыздануға болады?

Бас прокуратурамен ерекше тәртіп бойынша бизнесті тексеруді жүргізудің кестесі жылына екі рет қалыптастырылады. Бұл ретте, сіздің компанияңызды әр түрлі кезеңділікпен тексере алады: тәуекел дәрежесіне қарай жарты жылда, жылына, үш жылда, 5 жылда бір рет. Сіздің бизнесіңізді тексеру жиілігіне қандай факторлар әсер етеді, қандай жағдайларда тексеруге жол берілмейді және оған қалай шағым түсіруге болады – бұлар туралы төменде сипатталған.

Бизнесті тексерудің қандай түрлері болады?

•        ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тексеру).

•        ішінара тексеру (есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тексеру).

•        жоспардан тыс тексеру (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тексеру).(тізбе КК 144 бап 3 тармақшасында келтірілген).

Тексерулер көлемі бойынша кешенді және тақырыптық болып бөлінеді.

Сіздің компанияңызды тексеру рәсімі туралы не білу қажет?

  1. Тексеруші тексеруді бастамас бұрын төменде айтылғандарды ұсынуға міндетті:

•        сіздің облысыңыздың (қалаңыздың) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасында тіркелгені туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;

•        қызметтік куәлігін;

•        тексерілуге жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парағын.

  1. Тексеріс тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексеруші тұлғалардың тексеріс жүргізуге құқығы жоқ.
  2. Тексеруді тағайындау туралы акт тексерілетін субъектіге тапсырылған күн – тексеру жүргізудің басталғаны деп есептеледі.
  3. Тексеріс кезеңі 30 жұмыс күнінен аспауы керек (мерзімі СК 629 бабымен реттемеленген салық тексерісін қоспағанда). Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемінің едәуір болуына байланысты, тексеру жүргізудің мерзімі бақылау және қадағалау органының басшысы (не оны алмастыратын адам) отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады.
  4. Сіз тексерістің заңдылығын Qamqor мобильдік қосымшасы арқылы немесе http://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup/Services/Su мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Сіздің бизнесіңізді тексерудің заңдылығы» ақпараттық сервисі бөліміне жүгіну арқылы тексере аласыз.
  5. Тексеріс қорытындысы бойынша тексеруші тексеру нәтижесі туралы 2 дана актіні жасайды, оның бірін сізге береді. Егер де сіздің тексеру нәтижелері бойынша ескертулеріңіз бен қарсылықтарыңыз болса, сіз оны жазбаша түрде баяндай аласыз, ол өз кезегінде актіге қоса беріледі.

Тексеру барысындағы бизнесменнің құқықтары.

Сіздің компанияны тексеру барысында бизнесмен құқылы:

•        өткізіліп жатқан тексеріс нысанына немесе актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын мәліметті бермеуге;

•        лауазымды тұлғаның қызметіне кедергі келтірмей, аудио және видеотехниканың көмегі арқылы тексеріс процесін жазып алуға;

•        жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа тағайындау туралы, тексеріс нәтижелері туралы актілерге, сондай-ақ тексеруші тұлғаның іс-әрекеттері туралы шағым түсіруге;

•        сіздің қызметіңізге шектеу келтіретін заңда негізделмеген тексерушінің тыйымдарын орындамауға (мысалы, ешбір негізсіз қызметті тоқтату туралы талап);

•        тексеріс жүргізу барысында қатысуға, сондай-ақ өз мүдделеріңіз бен құқықтарыңызды қорғау мақсатында тексеріске қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға.

Қандай тексеріс заңсыз деп табылады?

Тексеру Кәсіпкерлік кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда жарамсыз деп танылады, олар:

•        тексеру жүргiзу негiздерінiң болмауы;

 •       тексеру тағайындау туралы актiнiң болмауы;

 •       тексеру жүргiзу туралы хабарлама мерзiмдерiнiң сақталмауы;

 •       ерекше тәртібі бойынша тексерулер және ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігін бұзу;

•        тексерiлетiн субъектiге тексеруді тағайындау туралы актiнi ұсынбау;

•        мемлекеттiк органдардың өздерiнiң құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы;

•        тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу мiндеттi болғанда, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi органдарда тiркеместен, тексеру жүргiзу;

•        тексерулер жүргізу мерзімдерін бұзу.

 «Qamqor» мобильді қосымшасы

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Qamqor» мобильді қосымшасы Сіздің бизнесіңізді заңсыз тексерулерден қорғайтын болады.

- егер сізге тексеру келсе, сіз кез келген мемлекеттік орган тексеруінің заңдылығын тексере аласыз (СЭС, өрт қызметі, салықтық тексеру және т.б.)

- сіздің компанияңызды тексеруге жоспарланған тексеріс туралы алдын ала білетін боласыз.

Мобильді қосымша Android үшін (https://play.google.com/store/apps/details?id=com.zerotoonelabs.businesssupport&hl=ru), сондай-ақ iOS үшін қолжетімді (https://appsto.re/us/tOyoib.i)

«Qamqor» мобильді қосымшасы қалай жұмыс істейді?

1)      Қосымшаны өз смартфоныңызға орнатыңыз

2)      Тексеру тағайындау туралы актінің нөмірін енгізіңіз (авторизация міндетті емес)

3)      Тексеріс нысаны мен күні туралы толық ақпаратты

4)      Бұзушылық болған жағдайда, қосымша арқылы шағым жолдаңыз

5)      Ұтқыр топ келіп түскен шағымдармен айналысады

6)      Тексеру күшін жояды және тексерушілер жауапкершілікке тартылады.

Қосымша жоспарланған тексеріс туралы алдын ала ескертеді, ол үшін:

1)      ЖШС немесе ЖК ретінде тіркелу қажет

2)      Қосымша баптамасындағы PUSH-хабарламаға тіркелесіз

3)      Сіздің ЖШС/ЖК жаңа тексеру тағайындалған жағдайда Сізге Push-хабарлама келіп түседі

Сонымен қатар егер де сіздің қандай да бір сұрағыңыз болса, онда сіз Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет қызметкерлеріне қосымшаның онлайн-чатында жаза аласыз, сондай-ақ тексерулер туралы ең өзекті сұрақтарға жауап ала аласыз.

Кәсіпкерлердің Qamqor мобильді қосымшасы туралы пікірлері:

Руслан Халидулин:

Жуырда жобалық қызметпен айналысатын біздің компанияға жергілікті МАҚБ-дан жоспардан тыс тексеру туралы хабарлама келді. Біз Facebook-те толтырылған мәнмәтін тарихынан Алматылық кәсіпкердің осындай жағдайда Qamqor мобильдік қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жүгінгендігін көрдік. Біз де байқап көрейікші деп, телефон арқылы бағдарламаны жүктеп, өтінішпен жүгіндік. 5 күннен соң бізге МАҚҚ-дың тексеру тағайындау үшін негіздемесі жоқ деген жауап келді, сондай-ақ сол жауапта тексеру жүргізілмейтіндігі хабарланған! Біз таң қалдық!

А.Каменов:

Мен «Qamqor» мобильді қосымшасы арқылы өздерін сорғы жүйесін тексеретін ТЖ және Әкімдік қызметкерлеріміз деп таныстырған алаяқтардың қызметін тоқтаттым. Мен «Qamqor» қосымшасы арқылы шағым қалдырдым. Алматы қ. Аумақтық басқармасының қызметкерлері дереу кәсіпкерге барды, «Алматы ВДС» ЖШС бірнеше ай бойы сорғы жүйелеріне тексеру жүргізу арқылы мемлекеттік органдардың атынан өз қызметін ақылы негізде жүзеге асырғандығы белгілі болды.

Оыс жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған болатын және бүгінгі күнде бұзушылар жауапқа тартылды (ҚР ҚҚ «Ұсақ жымқыру» 187 бабы).

Құқықтық статистика жөніндегі комитеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің телефондары:

Астана қ.

8 (7172) 32-49-18

Алматы қ.

8 (7272) 61-15-73

Ақмола облысы

8 (7162) 25-37-91

Ақтөбе облысы

8 (7132) 96-90-70

Алматы облысы

8 (7282) 24-07-36

Атырау облысы

8 (7122) 32-55-95

Шығыс Қазақстан облысы

8 (7232) 53-74-25

Жамбыл облысы

8 (7262) 45-78-01

Бастыс Қазақстан облысы

8 (7112) 50-09-27

Қарағанды облысы

8 (7212) 56-94-03

Қызылорда облысы

8 (7242) 27-64-09

Қостанай облысы

8 (7142) 53-63-75

Маңғыстау облысы

8 (7292) 43-18-33

Павлодар облысы

8 (7182) 53-55-66

Солтүстік Қазақстан облысы

8 (7152) 42-24-67

Оңтүстік Қазақстан облысы

8 (7252) 55-12-24

Аймақтық көліктік аймақ

8 (7172) 73-03-10

Әскери басқарма

8 (7272) 71-23-04

ҚР БП Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу комитеті тел. 8 (7172) 31-79-74 e-mail: pred3@kgp.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер