«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Барлығы да заң жүзінде

2017 жылғы 29 Наурыз
- Жетісу облысы
4755 просмотров

Сот мектеп директорының кәсіпкерге қатысты әрекетін заңсыз деп таныды

Былтыр Еңбекшіқазақ ауданындағы кәсіпкер Зәмзәгүл Мамырбаева Ж.Қайыпов атындағы мектептен кеңес тауарларын сату үшін орынды жалға алған. Аудандық қаржы бөлімімен тиісті келісімшартқа қол қойылған. Сауда орнының жалпы көлемі 6 шаршы метр. Алайда, кәсіпкер ісін жүргізбестен соттан бірақ шықты. Себебі мектеп директоры Ұлбосын Тасирова нан өнімдері мен киімдерді сатумен қатар екіжақты келісімшартты заңсыз деп тану үшін сотқа талап арызын берген. Мұнымен қоса, талап арызын беруші кәсіпкердің оқушылармен дөрекі сөйлегенін растады. 2016 жылдың желтоқсанында Екібекшіқазақ ауданының №2 соты мектеп басшысының арызын қанағаттандырған. Ал Зәмзәгүл Мамырбаеваның дәлелдері сотта ескерілмеген. Мұнан кейін іскер әйел Алматы облысы кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің сарапшысы Бахтияр Биболатов істің материалдарымен танысып, соттың бірінші инстанциясында істің барлық жағдайы, заңнаманың материалдық-процессуалдық нормалары ескерілмегенін, соның салдарынан заңға қайшы шешім шығарылғанын атап өтті.

Мысалы, Азаматтық процессуалдық кодекстің 27-бабының 1-тармағына сәйкес, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, басқа соттың соттылығына жататындығы заңда айқындалған істерді қоспағанда, тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар бойынша азаматтық iстердi қарайды және шешеді

Әуел баста істі экономикалық сот қарауы керек болса да, іс аудандық сотта қаралған. «Сот талап арызын беруші У.Р.Тасирова «Ж.Қайыпов атындағы орта мектеп» МҚМ директоры, ал жауап беруші З.М.Мамырбаева кәсіпкер екеніне назар аудармаған. Заңның азаматтық-процессуалдық талабын сақтамағандықтан әрі бұзғандығы салдарынан іс қабылданып, азаматтық іс қозғалды, нәтижесінде заңсыз шешім шығарылған», – деп түсіндірді сарапшы.

Заң бойынша талап арызын беруші кәсіпкер мен аудандық қаржы бөлімі арасындағы келісімшартты заңсыз деп тануға қатысты шағым мен наразылық білдіруге құқығы жоқ. Сондай-ақ, тексеру барысында директор айтқан деректер дәлелденбеген.

Осылайша, сот коллегиясы алғашқы инстанцияның шешімін жойды. Бүгінде кәсіпкер оқу орнындағы ісін жалғастырып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер