«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы

Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі болып табылады. 2013 жылдың 8 қазанында әділет органдарында тіркелген. Палатаның басты міндеті - бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.  

Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары

1. Оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар және т. б. туралы хабардар ету.

2. Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді анықтау, аудандар, өңірлер, республика бойынша бизнестің жүйелі проблемаларын шешу.

3. Отандық өндірістерді дамытуға және тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға жәрдемдесу, бизнес-жобаларды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.

4. Өңірдің кәсіпорындарында талап етілетін мамандарды кәсіби даярлауға жәрдемдесу.

5. Агроөнеркәсіптік секторын дамытуға және ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес проблемаларын шешуге жәрдемдесу.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша кәсіпкерлерден "Атамекен" ҰКП call-орталығына 1432 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.

Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік желіде:

Facebook топ: Taldykorgan Business

Instagram парақша atameken.taldykorgan

Telegram канал  businessshtabalmobl


Оңалбаев Дәурен Барлықбекұлы

Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының директоры

040000, Талдықорған қ., Бірлік ықшам ауданы, 2 "А", Көрме кешенінің ғимараты, 2 қабат

Жаңалықтар

Барлық жаңалық
Біз туралы
Тарихы
Негізгі функциялары
Принциптері
Мүшелік

"Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы — коммерциялық емес ұйым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған.

МИССИЯСЫ
Кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету.

МІНДЕТ
Бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау, бизнестің жұмысы үшін заңнамалық және өзге де нормативтік бастамаларды қалыптастыру процесіне кәсіпкерлердің кеңінен қамтылуын және тартылуын қамтамасыз ету.

Толығырақ білу

ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы 2013 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Үкіметі мен "Атамекен "Одағы"ҚҰЭП бірлескен шешімімен құрылды.

2015 жылдың 27 наурызында "Атамекен"ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы болып өзгертілді.

Франция мен Германияда әзірленген, Австрияда, Италияда, Испанияда, Грецияда және Нидерландыда, сондай-ақ Түркияда табысты жұмыс істейтін жалпы мүшелікке негізделген бизнес-қоғамдастықтарды ұйымдастырудың континенттік моделі негізге алынды.

Толығырақ білу

Негізгі функциялары:

  • өкілдік ету және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • өңірлерде кәсіпкерлік белсенділіктің, кәсіпкерлік қызмет жағдайларының қоғамдық мониторингін жүргізу;
  • кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу;
  • отандық өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;
  • инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру.
Толығырақ білу

Ұлттық палатаның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • дербестік;
  • барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқықтылығы;
  • мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына қайшы келмейтін шешімдерді қабылдау;
  • Алып тасталды-ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
  • қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп берушілік, жауапкершілік;
  • шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдік;
  • қоғам мен кәсіпкерлік мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету.

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері:

  • Қазақстанда тіркелген коммерциялық заңды тұлғалар (шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер) (оның ішінде банктер мен банктік ұйымдар, ұлттық компаниялар мен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қаржы секторы саласындағы ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұйымдар);
  • дара кәсiпкерлер;
  • шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi жеке кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке тұлғалардың бiрлестiктерi).
Қызметтер
Тізілімдер
Сайыстар

Жобалар

«Таза парақтан» Реттеу

Қазіргі кезде кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді енгізу –жұмысымыздың басым бағыттарының бірі.

Бұл шаруа кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнаманы толық қайта қарауды көздейді. Ескірген, орындалмайтын және қазіргі өімрлік ситуацияларға сәйкес келмейтін бизнеске қойылатын талаптар жойылады немесе қайта қаралады.

Мынадай талаптар ғана қалады:

- мотиві түсінікті талаптар, яғни олар не үшін қажет екені анық;

- іс жүзінде орындалатын;

- мүмкіндігінше түсінікті түрде баяндалған;

- цифрландырылған.

Толығырақ
iphone

Баталов Райымбек Әнуарұлы

Басқарма мүшесі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы

БИОГРАФИЯ

Амрин Мұрат Амангелдіұлы

Басқарма мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары

БИОГРАФИЯ

Туған жылы: 12.05.1989 ж.
Туған жері: СҚО Ақжар ауданы Ленинградское ауылы
Жалпы жұмыс өтілі: 13 жыл.
Жұмыс тәжірибесі:

  • 03.2023 – қазіргі уақытта –  «Атамекен» ҰКП басөарма төрағасының орынбасары;
  • 11.2019 – қазіргі уақытта –  «Атамекен» ҰКП логистика және тасымалдау департаментінің директоры;
  • 04.2017 – 11.2019 –  «Атамекен» ҰКП логистика және тасымалдау департаментінің директорының орынбасары;
  • 07.2016 – 04.2017 – «Атамекен» ҰКП логистика және тасымалдау департаментінің І санаттағы сарапшысы;
  • 12.2014 – 07.2016 – «Атамекен» ҰКП логистика және тасымалдау департаментінің ІІ санаттағы сарапшысы;
  • 07.2012 – 11.2014 – «Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы» ЗТБ халықаралық тасымалдарды дамыту және рұқсат беру жүйесін реттеу бөлімінің менеджері;
  • 12.2011 – 07.2012 –  «International Surveyors Limited» ЖШС бақылау-ревизиялық қызметінің инспекторы;
  • 09. 2010 – 11. 2011  – «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығы «High Tech Logistics» ЖШС» сапа бөлімінің бақылаушысы

Білімі мен біліктілігі:

  •  Петропавл теміржол көлігі колледжі;
  • М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы (экономика);
  • М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы (тасымалдауды ұйымдастыру және логистика)

Біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, тағылымдамалар:

  • ҚазАТО оқу-сертификаттау орталығы 2012ж.
  • «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстандық бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика қауымдастығы 2015ж.
  • «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2018 ж.
  • АҚШ-тың IVLP «Ерікті келушілер» тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысу 2018ж.

 

 

Бижанова Гүлнар Қадыржанқызы

Басқарма мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары

БИОГРАФИЯ

Туған күні: 07.01.1969 ж.     

Туған жері: Қаражал қаласы, Қарағанды облысы

Жалпы жұмыс өтілі: 38 жыл.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 02.2024 - қазіргі уақытта – Басқарма мүшесі – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 09.2023-02.2024 – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі;
  • 03.2016 - 01.2021 - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Нұр-сұлтан қ.
  • 09.2011 - 03.2016 - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Құқықтық бақылау департаментінің директоры, Қарағанды қ.
  • 08.2010 - 09.2011 – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бақылау-талдау инспекциясының басшысы, Қарағанды қ.
  • 04.2010 - 08.2010 – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Қарағанды қ.
  • 12.2009 - 04.2010 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің кәмелетке толмағандар туралы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің аға прокуроры, Астана қ.
  • 08.2005 - 09.2009 - Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдарының қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары
  • 10.2001 – 08.2005 - Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдарының қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры
  • 04.2001 - 10.2001- қызметтегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры
  • 12.2000 - 04.2001 - Қарағанды облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, Қарағанды қ.
  • 11.2000 - 12.2000 - Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі
  • 12.1998 - 11.2000 - Қарағанды қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры
  • 09.1997 - 12.1998 - Қарағанды облысы прокуратурасы Бұқар жырау ауданы прокурорының көмекшісі
  • 04.1990 - 07.1997 - екінші санаттағы маман, Ульяновск аудандық собесі меңгерушісінің орынбасары, Ульяновск ауданы
  • 08.1988 - 04.1990 - Продавяновск РПС сатушысы, Ульяновск ауданы
  • 08.1987 - 08.1988 – «Гастроном» дүкендер дирекциясы бірлестігінің кіші сатушысы, Қарағанды қ.

Білімі және біліктілігі:

  • Alliance Manchester Business School - The University of Manchester (ICA офицерінің жоғары дәрежесі);
  • Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы-халықаралық менеджменттің жоғары мектебі (іскерлік әкімшілендіру шебері);
  • Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы-БШМВ (Менеджмент магистрі);
  • Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (қаржы бакалавры);
  • Қарағанды мемлекеттік университеті.Е. А. Бөкетова (заңгер);
  • Қарағанды тауар-аспаздық техникумы (тауартанушы).

Марапаттар:

  • Көптеген ведомстволық мерейтойлық наградаларға ие, соның ішінде: «Ерен еңбегі үшін» (2017 ж.), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» (2021 ж.), «Әділет органдары жүйесіне қосқан үлесі үшін», «Құқық тәртібін қамтамасызз еруге қосқан үлесі үшін», «Нотариат саласына қосқан үлесі үшін» (2018 ж.), «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» (2021 ж.), «Қазақстанның құрметті заңгері» (2021 ж.), сондай-ақ «2 дәрежелі Прокуратура озаты» төсбелгісі.

Есенеев Ербол Еркенұлы

Басқарма мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары

БИОГРАФИЯ

Жаркенов Тимур Зейілұлы

Басқарма мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары

БИОГРАФИЯ

Туған жылы: 26.03.1983 жыл

Туған жері:  Ақтөбе қаласы

Жұмыс тәжірибесі:

  • 21.02.2022  – «Жасыл Даму» АҚ бас директорының кеңесшісі
  • 18.02.2022  – «Атамекен» ҰКП Төралқасы және ШОБ комитетінің мүшесі
  • 01.03.2018 – «Зияткерлік меншікті дамыту және қауіпсіздік агенттігі» ЖШС құрылтайшысы-серіктесі;
  • 25.05.2020-01.11.2021 – «First Heartland Jusan Bank»  АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары;
  • 19.01.2021-10.03.2022 – «ISKERMEN» өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы» ЗТБ басқарма төрағасы;
  • 01.08.2016-25.08.2020 – «Қазақстанның тәуелсіз автобизнес одағы» ЗТБ басқарма төрағасы;
  • 1.02.15 -01.08.16 – «Қазкоммерцбанк» АҚ Жамбыл облысы филиалының директоры;
  • 5.12.13-01.09.16 – «БТА Банкі» АҚ Жамбыл филиалы директорының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары;  
  • 06.07.14 -01.09.16 – «БТА Банкі» АҚ Жамбыл облысы филиалы директорының міндетін атқарушы;
  •  06.04.11-14.12.13 – «БТА Банкі» АҚ Жамбыл филиалы директорының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары;
  • 01.10.10-05.04.11 – «БТА Банкі» АҚ Алматы филиалы несиелік емес өнімдерді дамыту басқармасының бастығы;
  • 16.05.10-31.09.10 – «БТА Банкі» АҚ Алматы филиалы несиелік емес өнімдерді дамыту басқармасы есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінің операциялар жөніндегі бөлімінің бастығы:
  • 1.07.08 -15.05.10 – «БТА Банкі» АҚ  бас банкі проблемалық несиелердің мониторингі және олармен жұмыс, Бас банктің проблемалық несиелер басқармасы бөлімінің бастығы;
  • 01.04.08 -30.06.08 – «БТА Банкі» АҚ Бас банкі коллекторлық қызмет және агенттік желіні дамыту секторының меңгерушісі, Алматы қ.
  • 01.09.06-31.03.08 – «БТА Банкі» АҚ Ақтөбі облысы филиалының бөлшек несиелеу басқармасы бастығының орынбасары;
  • 01.01.06 -01.09.06 – «БТА Банкі» АҚ Алматы филиалының проблемалық қарыздар секторының бас маманы;
  • 08.10.04- 01.01.06 – «БТА Банкі» АҚ АФ бөлшек несиелеу бөлімінің аға маманы.

 Білімі мен біліктілігі:

  • Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, «Заңгерлік» мамандығы

Марапаттары: 

  • «Казкоммерцбанк» АҚ және «БТА Банкі» АҚ-таың сәтті интеграциясын жүргізген 50 негізгі қызметкердің бірі ретінде «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы М.М. Әуезовтың грамотасымен марапатталған.
  • Тараз қаласы әкімдігінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ грамоталары

Қарымсақов Мұрат Ратұлы

Басқарма мүшесі, Төралқа төрағасы хатшылығының басшысы

БИОГРАФИЯ

Туған күні мен жері:1966 жыл, Алматы қаласы.

Білімі: В.И. Ленин атындағы Беларусь мемлекеттік университеті, «Саяси экономика», экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы (1987-1991 жж.);

Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, «Мемлекеттік және муниципалдық басқару», магистр (2014-2016 жж.);

Қырғыз экономикалық университеті, «Экономист», докторантура (2017-2020 жж.).

Кәсіби мансабы:

  • 1991-1993 жж.  – Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университеті, саяси экономика кафедрасының оқытушысы;
  • 1993-1994 жж.  – «KZI BANK» менеджері;
  • 1994-1996 жж. – «ALEM BANK KAZAKHSTAN» АҚ-ның Активтерді басқару департаментінің дилерлік операциялар бөлімінің бас маманы, бас маман-дилері;
  • 1996-1998 жж. – Қазакстан Халық Жинақ Банкі, бөлім басшысы;
  • 1998-2000 жж. – Қазақстан Халық Жинақ Банкі, акционерлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы;
  • 2000-2002 жж. – «АБК Групп» ЖШС атқарушы директоры;
  • 2002-2002 жж. – «КазСтройСервис» АҚ Жобаларды басқару департаментінің директоры;
  • 2002-2003 жж.  – ҚР Қаржы министрінің көмекшісі;
  • 2003-2003 жж. –  «Қазақ инвестициялық қоры» АҚ Акционерлік инвестициялық қоры, жобаларды талдау бөлімінің бас менеджері;
  • 2003-2004 жж. – «Қазақ инвестициялық қоры» АҚ Акционерлік инвестициялық қоры басқарма төрағасының кеңесшісі;
  • 2004-2007 жж. – «АБК Групп» директоры;
  • 2007-2010 жж. – «Қазақ инвестициялық қоры» АҚ Бас директорының орынбасары;
  • 2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» ЗТБ Төрағасы;
  • 2022-2023 жж. – ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының инвестициялар және сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі кеңесшісі;
  • 2023-2024 жж. – ҚР «Атамекен» ҰКП Президиум Төрағасының хатшылығының басшысы;
  • 2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін  - ҚР «Атамекен» ҰКП Президиум Төрағасының хатшылығының басшысы (қоса атқарушы), Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы.

Марапаттары мен жетістіктері:

«Құрмет» ордені (2020 ж.); «Ерен еңбегі үшін» медалі (2014 ж.); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011 ж.); «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.);Монография: «ЕАЭО елдерінің интеграциясы жағдайында Қазақстан экономикасының тұрақты дамуының стратегиялық басымдықтары».

НАҚЫПБЕКОВ Тимур Арсенұлы

Басқарма мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары

БИОГРАФИЯ

Туған жылы: 12.03.1986 жыл.

Жалпы жұмыс өтілі: 14 жыл.

Жұмыс тәжірибесі:

10.08.2022 – 22.11.2022 жж. –  Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры – «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының м. а.;

05.2020 – 10.08.2022 жж.  – Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры;

02.2020 – 05.2020 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік даму департаментінің директоры – басқарушы директор;

2018 – 2020 жж. – Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры;

2017 – 2018 жж.  – «Атамекен» ҚР ҰКП аппарат жетекшісі, ҰКП басқарма төрағасының кеңесшісі;

2016 – 2017 жж. – ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, «Біліктілік орталығы» ЖШС директорының орынбасары;

2014 – 2016 жж. – ОҚО кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы;

 2013 – 2014 жж. – ОҚО кәсіпкерлер палатасының   қоғамдық мониторинг және құқықтық қолдау бөлімінің бастығы, бас сарапшы;

 2012 – 2013 жж. –  «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы» ЗТБ филиалының әкімшілік кедергілер жөніндегі заң кеңесшісі, әкімшілік кедергілер және тарифтік саясат жөніндегі бас сарапшы

 2009 – 2012 жж. – «ҚТЖ» ҰК» АҚ» Шымкент жол бөлімшесі» филиалының заң кеңесшісі, заң секторы бастығының м. а.;

 2008 – 2009 жж. – ОҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз хатшысының м. а., ақпараттық орталық тобының инспекторы;

 Қосымша ақпарат:

2016 – 2017 жж. – «Оңтүстік» АЭА директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

2019 – 2020 жж.  – «Есіл» ӘКК директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

2020 – 2022 жж. – «Түркістан» ӘКК директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

 03.2022 – қазіргі кезде – Түркістан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Білімі мен біліктілігі:

  • Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Халықаралық қатынастар» факультеті;
  • Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет, «Құқықтану».
  • MBA «Almaty Management University», «Іскерлік әкімшілендіру магистрі».

Марапаттары:

  • ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың алғыс хаты;
  • «Атамекен» ҚР ҰКП – III дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
  • «Атамекен» ҚР ҰКП құрмет грамотасы.

Тіл білімі:

  •  Қазақ, орыс, ағылшын.

Өстеміров Ербол Лесбекұлы

Басқарма мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары

БИОГРАФИЯ

Туған жылы: 18.02.1979 жылы

Туған жері: Шымкент қаласы

Жұмыс тәжірибесі:

  • 10.2021 жылдан қазіргі уақытта – «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары;
  • 05.2021-10.2021 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының м.а.;
  • 08.2020-10.2021 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының кеңесшісі;
  • 02.2020-08.2020 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары;
  • 04.2017-02.2020 жж. – «Атамекен» ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры-Басқарушы директор;
  • 01.2015-04.2017 жж. – «Атамекен» ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры;
  • 02.2014-01.2015 жж. – «Атамекен» Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаменті директорының орынбасары;
  • 11.2013-02.2014 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғамдық мониторинг департаментінің 2-санаттағы сарапшысы; 
  • 03.2013-11.2013 жж. – «Ас То и К» ЖШС директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары;
  • 07.2010-03.2013 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы 1-басқармасының бөлім прокуроры, прокурор, аға прокуроры;
  • 12.2008-07.2010 жж. – Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі;
  • 03.2007-12.2007 жж. – Сәтпаев қаласы прокурорының орынбасары;
  • 04.2004-03.2007 жж. – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы прокурорының орынбасары;
  • 07.2002-04.2004 жж. – Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры;
  • 11.2000-07.2002 жж. – Қарағанды облысы Шет ауданы прокурорының көмекшісі.

Білімі мен біліктігі:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетті, «Құқықтану»;
  • М.Сапараев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті, «Қаржы».

Марапаттары:

  • «Атамекен» ҚР ҰКП-ның «Ісіне адалдығы үшін»  ІІІ дәрежелі медалі;
  • «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.);
  • «Атамекен» ҚР ҰКП Құрмет грамотасы (2015 ж.);
  • ҚР Бас прокуроры атынан «Прокуратура үздігі» медалі (2012 ж.)

Үсенова Назира Қадылбекқызы

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары

БИОГРАФИЯ

Шайх Казыбек Альтайұлы

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының штаттан тыс кеңесшісі

БИОГРАФИЯ
Басқарма
Комитеттер
Төралқа

Басқарма

leader

Баталов Райымбек
Әнуарұлы

Басқарма мүшесі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы
leader

Амрин Мұрат
Амангелдіұлы

Басқарма мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары
leader

Бижанова Гүлнар
Қадыржанқызы

Басқарма мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары

Комитеттер

leader5
Комитет төрағасы

Құрылыс және ТКШ комитеті
leader5
Комитет төрағасы

БАЛАПАНОВ ЕРІК
ЖҰМАХАНҰЛЫ

Тамақ өнеркәсібі комитеті
leader5
Комитет төрағасы

БОЛАТЖАН Әсем

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитеті

Төралқа

leader1

БАТАЛОВ Райымбек
Әнуарұлы

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы
leader1

АБИТАЕВ Фарид Кумашевич

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы
leader1

Әбішев Нұралы
Алмаханұлы

Түркістан облысы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Bokei» ЖШС директоры, «Бөрте Милка» құрылтайшысы
Өңірлік палаталар
Өңірлік кеңестер

Өңірлік палаталар

leader1

Ерқанат Қайратұлы
Әбенов

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры
leader1

АДАМБЕКОВА САБИРА
ҚҰРШИДҚЫЗЫ

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры
leader1

Алиев Азамат
Тағаймұратұлы

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры

Өңірлік кеңестер

leader1

ШОҚАНОВ Нұрсұлтан
Нұрланұлы

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Alatex» «Салааралық Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы
leader1

АБИТАЕВ Фарид Кумашевич

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы
leader1

АЙТЖАНОВ Асхат
Әбдірахманұлы

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Дастан» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы

ҰКП кеңестері

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі

Foto
Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы
Кеңес төрағасы
ҚР-дағы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді жедел және жүйелі шешу, сондай-ақ проблемалық мәселелерді ашық талқылау мақсатында құрылған.
Толығырақ

Іскер әйелдер кеңесі

Foto
Рамазанова Ләззат Керімқұлқызы
Кеңес төрайымы
Кеңес 2015 жылы Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту саласында жағдайды жақсарту бойынша пікірталас алаңын ұйымдастыру үшін құрылған.
Толығырақ

МЖӘ жобаларын іске асыруды мониторингілеу жөніндегі кеңес

Foto
Орынбеков Бекболат Серікбекұлы
Кеңес төрағасы
Кеңес 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. МЖӘ жобаларын дайындау және іске асыру кезінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік субъектілерінің тиімді өзара іс-қимылын үйлестіру және қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Толығырақ

Орнықты даму және ESG жөніндегі кеңес

Foto
Якупбаева Юлия Константиновна
Кеңес төрағасы
Ұлттық палатаның Басқарма төрағасы міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №199 бұйрығымен құрылған «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Толығырақ

Техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтердің Ұлттық нарығын қалыптастыру жөніндегі кеңес

Заитова Светлана Александровна
Хасенов Марат Майданұлы
Кеңестің тең төрағалары
Ұлттық палата Басқармасының 2023 жылғы 2 қарашадағы №45 шешімімен құрылған және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Толығырақ

Еншілес ұйымдар

Серіктестер